Kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігінің 9 қаңтарға арналған жұлдыз-жорамалы.

Тоқты

Жұмысқа қатысты шаруаларды реттеуге қолайлы күн. Жаңа тапсырмалар беріледі. Олардың барлығына қызығушылық танытасыз. Сонымен қатар бүгін бойдағы талантыңызды сыртқа шығарып, жұртты таңқалдырасыз.

Торпақ

Табысқа жетуге мүмкіндік туып тұр. Ол үшін тез шешім қабылдағаныңыз жөн. Бүгін өз ойы, өз-өзіне сенімі жоқ адамдардың да жолы болады. Жауапкершілік жүгін мойнына арқалай алатын жандар бүгін жетістікке жете алады.

Егіздер

Соңғы уақытта сізді сергелдеңге салған мәселенің шешімін табуға болады. Барлық мәселенің ақ-қарасы анықталғаннан кейін қай бағытта жұмыс жасау керектігін ұғасыз. Осыдан кейін қорқынышыңыз жойылады.

Шаян

Жақындарыңызбен әңгіме-дүкен құратын күн. Іскерлік кездесулер ұйымдастыруға да қолайлы. Бұрын қарым-қатынасыңыз ажырап кеткен жандармен қайта тіл табысасыз. Кикілжіңдер жойылып, барлығы орнына келеді.

Арыстан

Алдағы уақытта өміріңіздің бір бөлшегіне айналатын жанмен таныс боласыз. Бұл кездесу сізге қуаныш сыйлайтын болады. Ішкі түйсігіңіз кіммен дос болуды, кімнен бойды аулақ ұстау қажет екенін ескертеді.

Бикеш

Асығуға тура келеді. Маңызды жұмыстарда тез шешім қабылдауыңыз қажет. Барлық шаруаны назарда ұстау қажет. Ұсақ-түйекке де мән бергеніңіз жөн. Сондай-ақ бүгін қызықты жаңалық естисіз.

Таразы

Барлығы керемет. Жұмыс жасауға керемет күн. Қиын жұмыстың өзін оңай орындап тастайсыз. Қолға алған жобаларды орындауға, былтыр қолға алған шаруаны аяқтауға қолайлы күн.

Сарышаян

Жемісті күн. Өзіңіздің барлығ жұмысты игеруге күш-қуатыңыз жететінін сезінесіз. Айналаңыздағы жандар алған бетіңізден қайтпайтыныңызды біліп, сіздің жолыңызға тосқауыл болмайды.

Мерген

Жұмыс жасауға құлшынысыңыз артады. Маңдай терді төкпей, іс өнбесін жақсы білесіз. Сондықтан қызықты ұсыныстар бойынша жұмыс жасауды қолға аласыз, оған бар күш-жігеріңізді саласыз.

Тауешкі

Қобалжулысыз. Себебі барлық шаруаны асығыс орындайсыз. Жұмысты асықпай жасағыңыз-ақ келеді. Бірақ уақыт аз. Түстен кейін жұмыстағы және жеке өміріңіздегі мәселелерді ретке келтіресіз.

Суқұйғыш

Сәтті күн. Бүгін жағымсыз оқиғалар орын алмайды. Маңызды сұрақтарға жауап тауып, қиын жұмыстарды орындай аласыз. Жалпы, бүгін жолыңыз болады. Жақын адамдарыңызбен де жақсы қарым-қатынас орнатасыз.

Балықтар

Ешқайда асықпаңыз. Барлығының өз уақыты бар. Осыны естен шығармаңыз. Орын алып жатқан оқиғаларды өзгертемін деп әуреге түспеңіз. Барлығын уақыт еншісіне салып, әліптің артын бағыңыз.

Аударған Динара МАХАНОВА

Тағы да оқыңыз: