Kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігінің 8 қаңтарға арналған жұлдыз-жорамалы.

Тоқты

Қызметтік сатыда өсу үшін бар күшіңізді саласыз. Қызықты идеяларыңызбен басшылықтың көзіне түсесіз. Жаңа жобаларды қолға алып, абыройыңызды арттыра түсесіз.

Торпақ

Өмірдің жаңа баспалдағын аттайсыз. Өзіңіздің жоспарларыңызды жүзеге асырып, белсенділік танытатын уақыт. Болашағы зор жұмысқа орналасуға немесе жаңа кәсіп бастауға қолайлы күн.

Егіздер

Түске дейінгі уақытта әлдеқайда қатты асығасыз. Асығыстық сізге жат қылық болғанымен, бүгін тым асығыссыз. Дегенмен барлығын уақыттың еншісіне қалдырғаныңыз жөн. 

Шаян

Бүгін барлық шаруаңыз бірінің үстіне бірі қарбаласып, біраз уақыттан бері жиналған жұмыстарды тез арада бітіруге тура келеді. Бірақ жұмысты тиянақты атқарып, басшылыққа өзіңіздің қабілетіңізді көрсете аласыз.

Арыстан

Жиындарда, отырыстарда өзіңізді еркін ұстап, керемет көңіл-күйде боласыз. Осы кездесулерден жаңа таныстар тауып, олардың сізге пайдасы тиетін болады. Ең бастысы көп сөйлеп, ешкімнің мазасын алмаңыз. 

Бикеш

Сізді жаңа өмір күтіп тұр. Қызметте өсесіз, жеке кәсіпте табысыңыз артады, сондай-ақ шығармашылығыңыз шыңдала түседі. Не болмаса жұлдызыңыз жанып, теледидардың арғы жағынан хабар таратасыз.

Таразы

Қазіргі уақыт ем қабылдауға, ғылымдағы құпияларды ашуға қолайлы. Жұмысқа қатысты мәселелерді түске дейінгі уақытта шешіп алыңыз. Алға ұмтылуға бейім жандар қызметте өседі.

Сарышаян

Бүгін сіз үшін қаржылық жағдайыңыз маңыздырақ. Біраз шығындаласыз. Бірақ бұл шығындар сіздің жан рахатыңыз үшін жұмсалады. Сонымен қатар бүгін қымбат бұйымдар, техникалар алуға қолайлы.

Мерген

Жұлдыздар материалдық жағдайыңызды жақсартуға, өмір сүру салтыңызды жоғары деңгейге жеткізуге күш-қуат береді. Өз-өзіңізге деген сенімділігіңіз артып, басшылық тарапынан да қолдау болады.

Тауешкі

Ұстаздар, кеңесшілер, саудагерлер және делдалдар үшін өте сәтті күн болмақ. Бұл жандар бүгін табысты болады. Әсіресе топ болып жұмыс жасайтындардың айы оңынан туады. Бүгінгі басты қағида – ұстамды болу.

Суқұйғыш

Ойлау қабілеті терең жандар орын алған оқиғалардың соңы қалай аяқталатынын жақсы біледі. Сондай-ақ барлық жұмыста белсенділік танытып, оң шешім табуға атсалысады.

Балықтар

Күніңіз сәтті өтеді. Оған себеп, күш-қуатыңыздың мол болуы, өз ісіңізден ләззат ала білуіңіз. Бүгін сіз келешегі зор, қызықты жұмыс табасыз. Осы жаңа жұмыс арқылы қаржылық жағдайыңыз жақсара түседі. 

Аударған Динара МАХАНОВА

Тағы да оқыңыз: