Kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігінің 31 желтоқсанға арналған жұлдыз-жорамалы.

Тоқты

Қарбалас күн. Жұмыстан да, мерекеден де шаршап жүрсіз. Жақындарыңызды ренжітіп алмаңыз.

Торпақ

Өзіңіздің және жақындарыңыздың денсаулығын күтіңіз. Таза ауада серуендеу, достармен басқосу және ұйқы жағдайыңызды жақсартады.

Егіздер

Алдамшы күн. Жақын адамдарыңызбен сөйлескенде де абай болыңыз. Олардың сізді алдап кетуіне жол бермеңіз.

Шаян

Ұстамды болыңыз. Қиын күн болмақ. Көптен бері нәтижесін күтіп жүрген шаруаңыз шешіледі. Сізді тосын күтіп тұр.

Арыстан

Шаруа көп. Жұлдыздар ұстамды болуды ескертеді. Жақсын достарыңызбен тату болыңыз. Ешкімнің қызғанышын тудырмаңыз.

Бикеш

Тапсырмаларды тез орындап, жылдам оң нәтиже көргіңіз келеді. Бойыңызда тұншығып жатқан талантты сыртқа шығарасыз.

Таразы

Шаршап жүрсіз, сондықтан демалыс алыңыз. Жақындарыңызды махаббатқа бөлеңіз. Көптен күткен жағымды жаңалықты естисіз.

Сарышаян

Жаныңызға жақын іспен айналысуға қолайлы күн. Жаңа жұмыс сізге мол табыс әкеледі. Жақын адамыңызбен қарым-қатынасыңызды жақсартыңыз.

Мерген

Алданып қалмаңыз. Қызықты оқиғалар орын алады. Махаббатта жолыңыз болмай, сүйіктіңізбен сөзге келіп қалыңыз мүмкін.

Тауешкі

Бүгін жағымды жаңалық естисіз. Қызықты кездесулерге барасыз. Қонаққа барып біраз адаммен таныс боласыз.

Суқұйғыш

Бүгін алаңсыз демаласыз. Таза ауада серуендейсіз. Кешке қарай отбасыңызға көп көңіл бөліңіз. Үйіңізге қонақ келеді.

Балықтар

Өміріңіз өзгеріп сала береді. Көп қаражат табуға мүмкіндік туып тұр. Алайда тәуекелге барудың қажеті жоқ.

Тағы да оқыңыз: