[**Kyzylorda-news.kz**](https://kyzylorda-news.kz/) **ақпараттық агенттігінің 26 желтоқсанға арналған жұлдыз-жорамалы.** **Тоқты** Күніңіз қуанышқа толы болады. Қызметте жоғарылауға мүмкіндік туып тұр. Сондықтан басшылыққа өз ұсынысыңызбен кіріңіз. **Торпақ** Әрбір жетістігіңізің астарында қаншама еңбегіңіз жатқанын ұғыңыз. Сонымен қатар көпшілікпен байланыс орнатуды уақытша шектеңіз. **Егіздер** Туған-туыс сіздің өздеріне көп көңіл бөлгенін қалайды. Бұл сіздің сабырыңызды қашыруы мүмкін. Алайда оған бола ашуланбаңыз. **Шаян** Бүгін сізге қастық ойлайтындар көп. Сондықтан аяқтан шалу сынды кедергілер кездесуі мүмкін. Бірақ сіз ашуланбайсыз. **Лев** Өз мәселелеріңізді басқаларға артпаңыз. Оларды шешу жолдарын сізден басқа ешкім білмейді. Сондықтан өзіңізге сеніңіз. **Бикеш** Жұмыстағы белсенділігіңізді басшылық пен әріптестеріңіз ескеретін болады. Бүгінгі күн жұмыста өсуге қолайлы болмақ.   **Таразы** Бүгін кез келген ақпаратқа сеніп қалмаңыз. Барлығын сүзгіден өткізіп, керегін алып, керек емесіне бас қатырмаңыз. **Сарышаян** Бүгін тәкаппарлық мінезіңізді ешкім көтермейді. Әсіресе сүйіктіңізге жылы-жұмсақ мінез танытыңыз. Сончда ғана сүйікті боласыз. **Мерген**   Өзгелердің мәселесіне бас қатырмаңыз. Сонымен қатар бұрынғы проблемаларды да ойға алмаңыз. Нақты іске көшіңіз. **Тауешкі** Қызметте өсесіз. Лауазымды тұлғалардан ұсыныс түседі. Жұмыстағы белсенділігіңіздің арқасында қосымша табысқа қол жеткізесіз. **Суқұйғыш** Қарбалас күн. Белсенділігіңіз бәсеңдейді. Жоспарларыңызды орындауға шама жоқ. Оған себеп жұмыста берілген тапсырма көп. **Балықтар** Алдағы күндерге жоспар құрасыз. Мақсатыңызды айқындап алыңыз. Оған жету үшін біршама еңбек етуіңізге тура келеді.