Kyzylorda-news.kz. ақпарат агенттігінің 23 желтоқсанға арналған жұлдыз-жорамалы

Тоқты

Жолдарыңыз бен әріптестіріңіз тындырған тірліктеріңізге қатты қуанады. Сіз жаныңыздағы жандардың қолдауын сезінбей жүрсіз, бірақ қолдау мен демеу көп.

Торпақ

Махаббат қызығына бөлену үшін ең оңтайлы күннің бірі. Сүйіктіңізбен уақытты көп өткізгеніңіз абзал.

Егіздер

Туысқандарыңыздың біреуіне сіздің көмегіңіз керек болады. Қолыңыздан келгенше аянып қалмай, көмек көрсетіңіз.

Шаян

Ерлі-зайыпты жандарға бүгін қолайлы күн. Жарыңызбен бірге үйдің көп тірлігін тындыра аласыз.

Арыстан

Егер де ата-анаңызбен арада кикілжің туса, татуласуға өзіңіз бірінші қадам жасаңыз. Олар сізді міндетті түрде кешіреді.

 Бикеш

Жүйкеңізді тоздырмағаныңыз абзал, көп ұзамай бәрі өз орнына келеді. Ал әзірше сүйікті кино немесе сериалыңызды көріңіз.

Таразы

Құмар ойындарынан алшақ болыңыз, өйткені жолыңыз болмауы мүмкін. Жақын адамдарыңызға көбірек жылы шырай танытып, әңгіме-дүкен құрыңыз.

Сарышаян

Үйде жөндеу жұмыстарын уақытша тоқтата тұрғаныңыз жөн. Құрал-жабдықтарға аса сақтықпенқараңыз, әйтпесе түрлі «тосын сый» орын алуы мүмкін.

Мерген

Үйіңіздегі қарым-қатынаста қиындықтар тууы мүмкін, сол үшін сабыр сақтаңыз. Әр сөзіңізге абай болып, байыппен жауап беріңіз.

Тауешкі

Сіз араласып жүрген адамыңызбен қатынасыңыздың жойылу қаупі бар. Есесіне жұмысты немесе бизнесті жаңа адаммен сөзсіз бастауға болады.

Суқұйғыш

Сізге өзіңізге қарама-қарсы жыныстағы адам назар аударады. Шашыңыздың түсін басқаша бояп, киім үлгіңізді өзгертуіңіз мүмкін.

Балықтар

Бұл күні аздап қаржылай қиындықтар туады. Керек емес заттарға шығынданудан сақтанғаныңыз абзал. Ақшаңызды қолайлы жеріңізде ұстауға тырысыңыз, әйтпесе оңай жоғалтып алуыңыз мүмкін.

Тағы да оқыңыз: