Kyzylorda-news.kz ақпарат агенттігінің 22 желтоқсанға арналған жұлдыз-жорамалы

Тоқты

Сүйікті іспен айналысуды уақытша тоқтатып, маңызды істерді аяғына дейін жеткізіңіз. Аяқталмаған іс қатары алдағы уақытта жеке басыңызға көп қиындық туғызуы мүмкін.

Торпақ

Спортпен шұғылданып бастасаңыз өзіңізді жақсы сезінесіз. Күні бойы алдыңыздағы істер оңай атқарыла бастайды.

Егіздер

Ешкіммен сөз таластыруға немесе ренжісуге тырыспаған дұрыс. Келеңсіз ренжісіңіз үшін сол адаммен алдағы уақытта мүлдем араласпай қалуыңыз әбден мүмкін.

Шаян

Өзіңіз бен жаныңызға жақын жандарға көп көңіл бөліңіз. Кинотеатр немесе мейрамханаға барып, уақытты қызықты өткізіңіз.

Арыстан

Жұмыс орыныңызды ауыстыру мүмкіндігі болса ойланбастан келіскеніңіз абзал. Жаңа жұмыста көп жетістіктерге жетіп, қызмет бабыңыз өседі.

Бикеш

Мұңға батып кеткіңіз келмесе көңілді әуен тыңдап, позитивті көңіл-күйді барынша сақтап қалуға тырысыңыз. Жаныңыздағы адамдарға да жылы шырай танытыңыз.

Таразы

Сіз өз тобыңыздан бөлініп, өзгелерден өзіңізді ерекше етіп көрсеткіңіз келеді. Түрлі шараларда белсенділік танытып, озық бола аласыз

Сарышаян

Апта басында бастаған жұмыстарыңызды соңына дейін жеткізіңіз. Көп уақыт бойы мазалап жүрген сұрақтарыңызға да жауап табасыз.

Мерген

Бұл күн достарыңызбен араласуға оңтайлы болады. Әлеуметтік желіде жаңа достар тауып, тез тіл табысып кетесіз.

Тауешкі

Тәуекелге бел бусаңыз күніңіз сәтті өтеді. Сонымен қатар өмірлік ұстанымыңызды өзгертетін оқиғалар болуы мүмкін.

Суқұйғыш

Сіздің философияға деген қызығушылығыңыз бұрынғыдан да арта түседі. Кейбір оқиғалар сіздің моральдік жағдайыңызды дұрыстауға мүмкіндік береді.

Балықтар

Бүгінгі күнді сыр беріп жүрген денсаулығыңызды емдеуге арнаңыз. Дәл осы күні аурудан тез айығып кетуіңіз мүмкін. Уақытылы ұйқтауды да естен шығармаңыз.

Тағы да оқыңыз: