Kyzylorda-news.kz ақпарат агенттігінің 21 желтоқсанға арналған жұлдыз-жорамалы

Тоқты

Жалғызбасты жандарға бүгін жеке өмірінде өзгеріс орнатқан дұрыс. Сол кезде сіз болашаққа деген сенімділікті сезінесіз.

Торпақ

Бүгін сізге табысыңыздың тұрақтылығын сақтау үшін көп күш пен уақыт жұмсау қажет болады. Сондай-ақ сіз қиын жағдайға тап болуыңыз мүмкін. Сол себептен әр ісіңізге абай және сақ болғаныңыз жөн.

Егіздер

Жұлдыздар өзіңізді ештеңеге шектемеуге кеңес береді. Өзіңізге рахат сыйлайтын істермен айналысуға тырысыңыз, бірақ ол денсаулыққа зиян келтірмеуі қажет.

Шаян

Кәсіби тұрғыда бүгін өзіңізді ерекше жігерлі сезінетін боласыз. Сіз кез-келген мүмкіндікті жіберіп алмайсыз және кәсіби ұстанымыңызды айтарлықтай нығайтуға мүмкіндік бар.

Арыстан

Бүгін не істесеңіз де сәттілікке жетесіз. Бар құпия сіздің елестету алу қасиетіңізде. Қиял әлемінде арманыңыз қаншалықты орынды болса, соғұрлым өзіңізді жақсы сезінесіз.

Бикеш

Жұлдыздар бүгін сізді бақытты жандардың қатарына қосқан. Сәттілік мәңгі серік болмайды, сондықтан күлімсіреп бақытты күндеріңізді жақсы өткізіңіз.

Таразы

Бүл күн сіздің қызметіңіз үшін ең жақсы күн. Егер жұмыста дәрежеңізді өсіруді көздесеңіз ойланбастан басшыға өтінішіңізді білдіріңіз.

Сарышаян

Сіз махаббатта бірінші болып қадам жасаудан қорықсаңыз да, бүгін қорқыныштан аттап өткен жөн. Махаббатта маңызы бар шешім жасасаңыз дұрыс реті болары сөзсіз.

Мерген

Бүгінгі кеште отбасыңызбен отбасыңызбен серуендеп немесе дүкен аралап қайтыңыз. Уақытты қызықты өткізуге болатын күннен бас тартпағаныңыз абзал.

Тауешкі

Бүгін маңызды шешім қабылдайтын болсаңыз арнайы маманнан кеңес алуыңыз қажет. Сіз, өкінішке орай, бұл мәселені жалғыз шеше алмайсыз. Оның үстіне көмекке жүгіну арқылы өзіңізді сенімді сезінесіз.

Суқұйғыш

Қарым-қатынасыңыз нығая түсетіндіктен, сүйіктіңізге көп көңіл бөліңіз. Қоштасу мен жанжалдасуға асықпаңыз, кейін өкініп қалуыңыз әден мүмкін.

Балықтар

Бүгін қоғамдық қатынастарға байланысты мәселелерге назар аудару пайдалы болады. Жай сөзбен айтқанда, адамдардың сіз туралы пікірлерін сұрап, іштей шешім жасауға оңтайлы күн.

Тағы да оқыңыз: