**[Kyzylorda-news.kz](https://kyzylorda-news.kz/)** **ақпараттық агенттігінің 19 желтоқсанға арналған жұлдыз-жорамалы.** **Тоқты** Керемет күн. Бүгінгі күн романтикалық кездесулер ұйымдастыруға қолайлы болмақ. Барлық мәселе оң шешім табады. **Торпақ** Бүгін үй шаруашылығымен айналысып, біраз іс тындырасыз. Сонымен қатар шығармашылықпен де шұғылданыңыз. Қателесуден қорықпаңыз. **Егіздер** Өз күшіңізге көп сене бермеңіз. Әйтпесе, бойына сеніп жылдан құр қалған түйе секілді дымсыз қаласыз. Сізді алдағысы келетіндер көп. **Шаян** Көптен бері бастауды жөн санап жүрген жеке ісіңізді қолға аласыз. Дәл қазіргі сәт сіз үшн бизнес бастауға қолайлы болмақ. **Арыстан** Барлық ісіңіз ретімен орындалып, жоспарларыңыз жылдам жүзеге асатын болады. Егер басыңыз бос болса, бүгін екінші жартыңызды жолықтырасыз. **Бикеш** Бүгін сауда-саттық жасайтын күн. Ірі тұрмыстық бұйым аласыз немесе банктен шот ашып, қаржы жинақтай бастайсыз. **Таразы** Бүгін махаббатта да, жұмыста да жолыңыз болады. Егер басыңыз бос болса, қызықты романтикалық кездесулер күтіп тұр. **Сарышаян** Өзіңізге қажетті дүниеге қол жеткізу үшін барынша тырысып бағасыз. Өз арманыңызды орындауға деген құлшынысыңыз жұртты таңқалдырады. **Мерген** Бүгін ескі мәселелерге қайта ораласыз. Оларды шешу жолдарын қарастырып, өз дегеніңізге жетесіз. Өз ісіңізге риза боласыз. **Тауешкі** Бүгін сіз үшін алынбас қамал жоқ. Барлық шаруаны атқаруға, кез келген мақсатқа жетуге мүмкіндігіңіз бар. Барлық жоспарыңыз жүзеге асады. **Суқұйғыш** Айналыңыздағы адамдармен байланыс орнатуда, қарым-қатынас жасауда белсенділік танытыңыз. Осы орайда біраз жетістікке жетесіз. **Балықтар** Өз сезіміңізді басқара аласыз. «Жүрекке әмір жүрмейді» дегенмен, барлығын ақылға саласыз. Ескі достармен кездесесіз.