Kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігінің 18 желтоқсанға арналған жұлдыз-жорамалы.

Тоқты

Сүйікті адамыңыздың шешімі сіздің жеке өміріңізге тікелей қатысы болмақ. Кейде тәуелді болудан шаршайсыз.

Торпақ

Кей адамдар мазаңызды алуы мүмкін. Сабырлылық таныта біліңіз. Әйтпесе эмоцияға беріліп, адамдардың көңілін қалдыруыңыз мүмкін.

Егіздер

Ұсақ-түйек мәселелерге мән бермеуге тырысыңыз. Бастысы мақсатыңызды айқындап, соған қарай қадам басыңыз.

Шаян

Жауапкершілігі мол жұмыстарды кейін сәті түскен уақытқа қалдыруға болады. бүгін жақындарыңызға арқа сүйеңіз.

Арыстан

Айналаңыздағы адамдардың жылы шырай танытқанын қалайсыз. Сонымен қатар орын алған мәселенің оң шешім табуы үшін қолайлы сәтті күтесіз.

Бикеш

Бүгінгі күніңіз сәтті болады деп айту қиын. Күніңіз қарбаласқа толы. Жаңа іс бастауда жақындарыңызбен ақылдасыңыз.

Таразы

Айналаңызда болып жатқан оқиғалардан хабардар болыңыз. Мәселені шешу үшін оған араласқаныңыз жөн.

Сарышаян

Бүгін өте белсендісіз. Қоғамдық жұмыстарға да белсене араласасыз. Сонымен қатар әріптестеріңізбен де тіл табыса аласыз.

МергенТым белсенді болмаңыз. Бұл жақындарыңызға ұнамауы мүмкін. Кез келген мәселенің мән-жайын біліп алғаныңыз жөн.

Тауешкі

Бүгін таным көкжиегін кеңейтуге тырысасыз. Біліміңізді жетілдіріп, біліктілігіңізді арттыруға ынталысыз.

Суқұйғыш

Күнделікті атқарып жүрген жұымысыңыздың өзі қиындық туғызады. Сондықтан сақ, әр ісіңізге мұқият болыңыз.

**Балықтар
**Мұқтаждарға көмек көрсетіңіз. Сонымен қатар өзіңіздің білген-түйгеніңізді өзгелерге үйретуге тырысыңыз.

Тағы да оқыңыз: