Kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігінің 16 желтоқсанға арналған жұлдыз-жорамалы.

Тоқты

Жаңашылдыққа ұмтылудың қажеті жоқ. Мұндай өзгерістерді келер жылдың еншісіне қалдырғаныңыз жөн. Биыл бастаған шаруаларыңызды тиянақты етіп бітіргеніңіз жөн.

Торпақ

Бүгінгі күн жолға шығуға қолайлы. Барлық уақытыңызды отбасыңызға, балаларыңызға арнаңыз. Яғни, отбасыңызбен бірге жолға шығыңыз. Оларды қыдыртып, көңіл көтеріңіздер.

Егіздер

Айналаңыздағы адамдар сіздің іс-әрекетіңізді ерсі көруі мүмкін. Сондықтан өзіңізді ортада қалай ұстау керектігін ұмытпаңыз. Түстен кейін романтикалық кездесуге барасыз.

Шаян

Өзгерісті қалап жүрсіз. Алайда дәл қазір әлденені өзгертуге ерте. Маңызды мәселелерді де кейінге қалдырғандарыңыз жөн. Оның орнына үйдегі құжаттардың түзейтіндерін ретке келтіріңіз.  

Арыстан

Өзіңіздің күшіңізді жоғары бағалап, серіктестеріңізді қорқытып алмаңыз. Олар сіздің бұл әрекетіңізді дұрыс түсінбей қалуы мүмкін. Сондықтан бүгінгі күн қандайда бір мәселені шешуге арналмаған.

Бикеш

Бүгін белсенділігіңіз төмендейді. Алайда еш қорықпаңыз. Барлық шаруаны дер кезінде орындап үлгеретін боласыз. Жұмыстағы тапсырмаларды да, үй ішіндегі тіршілікті де өз уақытында бітіресіз.  

Таразы

Маңызды сауалдарға жауап табамын деп әуре болмаңыз. Өйткені жауап тапқаныңызбен оны іске пайдалануға еш мүмкіндігіңіз жоқ. Оның орнына үй шаруасымен айналысқаныңыз жөн.

СарышаянБүгінгі күн серуендеуге, байланыс орнатуға және саяхатқа шығуға қолайлы болмақ. Болашағыңызға тікелей қатысы болатын жандармен таныс боласыз. Сонымен қатар бүгін өзіңізді ұрыс-керістен аулақ ұстаңыз.

Мерген

Керемет күн. Барлық туындаған мәселені оңай шеше аласыз. Сонымен қатар жыл соңына дейін жоспар құрмаңыз. Сондай-ақ бүгін жақын адамыңыздан сый алып, жақсы жаңалық естейсіз.

Тауешкі

Белсенділігіңіз төмендеп кетеді. Оған себеп денсаулығыңыздың сыр беруі болмақ. Шаршаңқысыз, сондай-ақ жүйкеңізде сыр берген секілді. Сырқатыңыз асқынбай тұрғанда, ем алғаныңыз жөн.

Суқұйғыш

Бүгін жұмыстың «астында» қаласыз. Шаруа шаш етектен болғандықтан, біраз шаршап та қалуыңыз мүмкін. Бірақ сіз аз уақыт демалыстан соң қайта қалыпқа келіп, ісіңізді жалғастыратын боласыз.

Балықтар

Айналаңыздағылармен тіл табысуыңыз қиындайды. Алайда өзіңізді дер кезінде ұстасаңыз барлығы орнына келеді. Маңызды мәселелерде мұқият болыңыз. Өйткені шешімді өзіңіз шығарасыз.

Тағы да оқыңыз: