Kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігінің 15 желтоқсанға арналған жұлдыз-жорамалы.

Тоқты

Шығармашылықпен айналысуға, белсенділік танытуға қолайлы күн. Сондай-ақ қаржы мәселесін жақсартуға жол ашылады.

Торпақ

Бүгін достарыңызбен кездесесіз. Бірақ өзіңізді байсалды қалыпта ұстаңыз. Ешкімге ақыл айтып, олардың өміріне араласудың қажеті жоқ.

Егіздер

Керемет күн. Саяхатқа шығуға немесе досыңызбен бірлесіп жаңа жұмыс бастауға қолайлы күн. Жаңашылдыққа бет бұрасыз.

Шаян

Жұмысқа қатысты біраз мәселелерден арыласыз. Сізге көмек көрсететіндер табылады. Жаңа тапсырма алуға қорықпаңыз.

Арыстан

Бүгін қоғаммен тығыз қарым-қатынас орнатқан мекемеден көмек аласыз. Ескі проблемалардан арылған соң, жаңасына жол бермеңіз.

Бикеш

Жұмысқа қатысты мәселелер өз шешімін табатын болады. Сол арқылы материалдық жағдайыңыз да жақсаратынына сеніңіз.

Таразы

Құжаттарды дайындауға, жаңа іс бастауға қолайлы күн. Кез келген істе шешімді өзіңіз қабылдағаныңыз жөн.

Сарышаян

Айналаңыздағы адамдардың мейірімсіздігінен сіздің де жүрегіңіз ештеңеге елжіремейді. Бастысы эмоцияға берілмеңіз.

Мерген

Бүгін өзіңізге демалыс жариялаңыз. Үй шаруасында кейінге қалдырыңыз. Бүгін тек жақсылық ойлап, жай ғана демалыңыз.

Тауешкі

Бүгін ішкі түйсігіңіз біраз мәселенің алдын алуға көмектеседі. Сонымен қатар бүгін жұмысқа қатысты біраз сауалға жауап табасыз.

Суқұйғыш

Бүгін ата-анаңызбен немесе достарыңызбен әңгіме-дүкен құрып, олардың көмегін қабыл аласыз. Осы арқылы арманыңызды жүзеге асырасыз.

Балықтар

Қарама-қайшылыққа толы күн. Осыған орай, көңіл-күйіңіз де құбылмалы. Соның салдарынан кикілжіңдер де орын алуы мүмкін.

Тағы да оқыңыз: