Kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігінің 13 желтоқсанға арналған жұлдыз-жорамалы.

Тоқты

Кешке қарай таңертеңгі ойыңыздан айнып, жоспарларыңызды кейінге қалдырасыз. Кейде өзгерістің өзі дұрыс бағытқа жетелейді.

Торпақ

Бүгін махаббатта жолыңыз болады. Ер адамдар нәзікжандарға құрмет көрсетіп, тіпті сезімін де білдіруі мүмкін.

Егіздер

Жұмысқа деген жауапкершілігіңіз жоғары. Дегенмен кейде өз жайыңызды да ойлап қойғаныңыз жөн.

Шаян

«Айтылған сөз, атылған оқ» екенін естен шығармаңыз. Кейбір сөздеріңіз өз алдыңыздан шықса, таңқалмаңыз.

Арыстан

Бүгін басшылықпен қарым-қатынасты жақсартасыз. Барлығы сіздің жоспарыңыз бойынша жүзеге асады.

Бикеш

Бүгін махаббатта жолыңыз болады. Біршама өзгерістер орын алып, құпия табынушыңыз өзінің бет-бейнесін көрсетіп, сезімін білдіреді.

Таразы

Бүгін қызықты жайттар орын алады. Армандарыңыз орындалып, қызықты оқиғаларға тап боласыз. Құдды өзіңізді ертегіде жүргендей сезінесіз.

Сарышаян

Бүгін жұмысты тез аяқтайтын болсаңыз, жеке шаруалардың да біразын бітіруге мүмкіндік бар.

Мерген

Бүгін қолда бар қаражатыңызды барынша үнемдегеніңіз жөн. Сауда жасап, босқа шығындалып қалмаңыз.

Тауешкі

Бүгін өзіңізге көпшіліктің назарын аудартуға талпынбаңыз. Барынша көзге түспеуге тырысыңыз. Сырт келбетіңізді де қарапайым ұстаңыз.

Суқұйғыш

Бүгін жұмыс көп. Бұрын бастаған шаруаны да аяқтауға сәтті күн болмақ. Тосын жағдайлар да орын алуы мүмкін.

Балықтар

Жеке өміріңізде болып жатқан оқиғаларға мән беріңіз. Өзгерістерді қабылдаңыз, бірақ өз бетіңізбен ештеңені өзгертудің қажеті жоқ.

Тағы да оқыңыз: