[Kyzylorda-news.kz](https://kyzylorda-news.kz/) ақпараттық агенттігінің 5 қарашаға арналған жұлдыз-жорамалы. **Тоқты** Бүгін мақсатыңызға бір қадам жақындайсыз. Өзіңізге деген сенімділігіңіздің арқасында тапсырмалардың барлығын орындай аласыз. **Торпақ** Қаражат мәселесін шешуге қолайлы күн. Біліктілік арттыруға, жоспар құруға қолайлы күн. **Егіздер** Жағымды жаңалықтар естейсіз. Сонымен қатар бұл жаңалықтар қызықты оқиғалаға ұласатын болады. **Шаян** Мазаңызды алған сауалдарға жауап табуға тырысыңыз. Сондай-ақ өзгенің ісіне бас қатырмаңыз. **Арыстан** Бұрын бастаған ісіңізді аяқтауға тура келетінін ұғасыз. Сонымен қатар басқа да шаруаларды соңына дейін жеткізесіз. **Бикеш** Бүгін өз талантыңызды сыртқа шығарып, өзгелерді тәнті етіңіз. Бірақ қобалжуға жол бермеңіз. **Таразы** Бүгін сізге қуанышты хабар жетеді. Бұл жаңалық сіздің өміріңізді түбегейлі өзгертуі мүмкін. **Сарышаян** Бүгін денсаулыққа баса назар аудару қажет. Басыңыздың «сақинасы» ұстап, сырқаттанып қалуыңыз мүмкін. **Мерген** Әріптестеріңізбен басқосуға, көңілді кешке баруыңыз мүмкін. Бұл кештің ұйымдастырушысы да өзіңіз боласыз. **Тауешкі** Көмек сұрай келген адамға қолдау білдіре аласыз. Өткір сөздеріңізбен күйзеліске түскен жанның «есін жидырасыз». **Суқұйғыш** Жақындарыңызбен тату-тәтті болыңыз. Оларға көмек көрсетуден қашпаңыз. Шын ниетіңізбен қолдау көрсетіңіз. **Балықтар** Күніңіз қарбаласқа толы. Басшылық еңбегіңізді бағаламайды. Бұл жағдай жұмысқа деген ынтаңызды жояды.