Kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігінің 20 қазанға арналған жұлдыз-жорамалы.

Тоқты

Сіздің қолыңыздан барлық шаруа келеді. Ештеңеге алаңдаудың қажеті жоқ. Ешқандай қиындық сіздің құлшынысыңызды сөндіре алмайды. Көздеген мақсатыңызға жетуге асығасыз.

Торпақ

Бүгінгі күн сіз үшін жемісті болмақ. Өз мақсатыңызға жету үшін бар күш-жігеріңізді салып, алға қарай ұмтыласыз. Тіпті қиын деген жұмыстың өзін атқарып, кез келген мәселені оңай шешесіз.

Егіздер

Түске дейін орын алатын жағдайлардан өз пайдаңызды ойлаңыз.Көптен бері ойлап жүрген идеяларыңыз жүзеге асуы мүмкін. Сіздің мақсаттарыңыздың орындалуына септігі тиетін адамдармен тіл табысасыз.

Шаян

Түске дейін сақ жүріңіз. Барлық шаруаны кейінге ысырып, өз арманыңыздың жетегінде кетуіңіз мүмкін. Алдағы жоспарларды орындау барысында ақырын жүріп, анық басыңыз.

Арыстан

Барлығы сіз ойлағандай қиын емес. Қиын мәселелерді тез арада шешетін боласыз. Түстен кейін жұмыстың жайын біржақты етесіз. Өз ұстанымдарыңыздан бас тартпаңыз.

Бикеш

Сәтті іскерлік кездесу өтеді. Келіссөздер сіз үшін оң шешімін табатын болады. Сіздің жүрегіңізді жаулап алуға тырысатындар бар. Олардың түпкі ойын білместен, өз жауабыңызды беруге асықпаңыз.  

Таразы

Табысты күн. Өз арманыңызға жету үшін ең алдымен мақсатыңызды айқындап алыңыз. Барлығын бір сәтте шешуге мүмкіндігіңіз жоқ. Сондықтан ең маңыздысынан бастағаныңыз дұрыс.

Сарышаян

Қаражатқа қатысты мәселеде сақ болыңыз. Ақшаңызды текке кетірмеңіз. Келесі жалақының қай уақытта болатынын еске салып, қолыңыздағыны үнемдегеніңіз жөн.

Мерген

Ештеңеге алаңдамаңыз. Барлығы өз сәтімен өтеді. Ең бастысы денсаулығыңызға мән беріңіз. Жұмыс пен үй шаруасын кейінге қалдырыңыз. Әйтпесе, уақыт жоғалтып аласыз.

Тауешкі

Күніңіз сәтті өтеді. Барлық шаруаға үлгеріп, көңілді жүресіз. Алайда жаныңыздағылар сіздің көтеріңкі көңіл-күйіңізді бұзуға тырысады. Сіздің сыртыңыздан өсек айтулары да мүмкін.

Суқұйғыш

Тыныш күн. Ешқандай оқиға сізді алаңдатпайды. Мазаңызды да қашыруға себеп жоқ. Қуануға себеп көп. Алайда барлығы сіз ойлағандай болмайды. Сондықтан кез келген шешімге дайын болыңыз.

Балықтар

Шығармашылық жобалармен айналысуға, бірлесіп жұмыс істеуге қолайлы күн. Қандай істі қолға алсаңыз да сізді қолдайтын жандармен бірге болыңыз. Олардың қолдауымен жетістікке тез жетесіз.

Тағы да оқыңыз: