Жұлдыздар не дейді? – Kyzylorda News
Басты бет

Бізге жаңалық жіберіңіз: +7(702)702-76-00

Жұлдыздар не дейді?

17.10.2020, 8:00

139 0

Kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігінің 17 қазанға арналған жұлдыз-жорамалы.

Тоқты

Қонақ күтуге, достармен кездесуге өте қолайлы күн. Әйел адамдар асханадан шықпай, түрлі тәттілер дайындаса, ерлер таза ауада демалады. Балаларыңызға көп көңіл бөліңіз. Оларға сіздің көмегіңіз қажет.

Торпақ

Шабытыңыз тасып, ішкі түйсік дамиды. Кез келген істі оңай атқарып, жақсы нәтижеге қол жеткізесіз. Сіздің талантыңызға, сапалы жұмысыңызға тәнті болатындар көп. Жақындарыңыз бен балаларыңызға көп көңіл бөліңіз.

Егіздер

Бүгін күш-жігеріңізді жинап, бастаған ісіңізді соңына дейін жеткізіңіз. Жаңа жобаларды жүзеге асырып, қосымша табыс көзін табуға қолайлы күн. Жеке өміріңізде орын алған кейбір қателіктерді жөндей аласыз.

Шаян

Серіктестеріңізге талап қойып, өз ұстанымдарыңызды сақтап қаласыз. Өзгелердің айтқанына ермей, өзіңізге ұнаған іспен айналысыңыз. Айналаңызда болып жатқан жағдайлар сізге пайдасын тигізуі мүмкін.

Арыстан

Бүгінгі күн жаңа таныстықтарға, достарыңызбен кездесуге және басқосулар ұйымдастыруға қолайлы күн. Сізді бүгін тосынсый күтіп тұр. Сонымен қатар бүгін өзіңізге қажетті ақпараттарға қол жеткізесіз.

Бикеш

Өз ортаңызда ойыңызды ашық айтып, пікіріңізді білдіріп отырыңыз. Шығармашылық жоспарларыңызды орындауға сәтті күн. Тек шығармашылық бағытта ғана емес, сонымен бірге басқа да әстерде жолыңыз блолады.

Таразы

Көптен жиналған тапсырмаларды орындайсыз. Сізге әлдекімдер әділетсіздік жасауы мүмкін. Сақ болыңыз. Тік мінезіңіз барлығын орнына келтіретініне сеніңіз. Бірақ сабыосыздығыңыз мәселенің шешілуіне аздап кедергі келтіруі мүмкін.

Сарышаян

Сауда-саттықпен айналысатын жандардың жолы болады. Алдыңызға мақсат қоя білсеңіз, оған жету және мол табыс табуға мүмкіндік бар. Нәзікжанды «бикештер» бүгін аз да болса уақытты көңілді өткізеді.

Мерген

Өте керемет күн. Жұлдыздар бастаған істі соңына дейін жеткізуді ескертеді. Оларды қазір аяқтамасаңыз кейін көп ақша мен күш жұмсауыңызға тура келеді. Әріптестеріңізбен келіспеушіліктер туындауы мүмкін.

Тауешкі

Бойыңыздағы талантты шығарыңыз. Әсіресе шығармашылық қырыңызды таныта біліңіз. Жаңа таныстарыңыздың арқасында өміріңізді жаңа бағытқа бұрасыз. Дәл бүгін өмірлік серігіңізді табуыңыз мүмкін.


Суқұйғыш

Бүгінгі көңіл-күйіңіз өте керемет. Бүгінгі күніңіз басқосулармен, мерекелік кештермен өтеді. Құжаттарға қол қойып, келіссөздер жүргізуіңіз де мүмкін. Жаңадан бастаған ісіңіз алға басады. Бірақ ол үшін көп күш жұмсауыңыз қажет.

Балықтар

Алдын ала жоспар құрған болсаңыз, бүгінгі күн сіз үшін сәтті болмақ. Көп жағдайда достардың емес, өзіңіздің ішкі түйсігіңіздің көмегіне жүгініңіз. Жеке өміріңізде аздаған қиындықтар туындауы мүмкін, бірақ еш мойымаңыз.

0

Пікір қалдыру