Kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігінің 9 желтоқсанға арналған жұлдыз-жорамалы.

Тоқты

Ескі жоспарлар мен шаруаларды бірыңғайлаңыз. Бүгін жағымсыз хабар аласыз. Алайда көңіл-күйіңізді түсірмеңіз, барлығы реттеледі.

Торпақ

Сәттілік серігіңізге айналады. Қиындықтар сізді айналып өтетін болады. Қолыңыздағы барыңызбен бөліскеніңіз дұрыс.

Егіздер

Сәтті күн деп айту қиын. Жұмыста аздаған кикілжіңдер орын алуы мүмкін. сіздің жетістіктеріңізге қызғанышпен қарайтындар бар.

Шаян

Түске дейінгі уақытқа кездесу ұйымдастырмағаныңыз жөн. Эмоцияға беріліп, әріптестеріңізбен сөзге келіп қалуыңыз мүмкін.

Арыстан

Жұмыста тым белсенді болудың қажеті жоқ. Өзіңізді көп шаршатпаңыз. Барлық тапсырманы уақытылы орындай аласыз.

Бикеш

Бүгін шаршағаныңызды сезіп, демалғанды жөн санайсыз. Бірақ барлығы уақытша. Туындаған мәселелер тез шешімін табады.

Таразы

Өзіңіздің түйсігіңізге сеніңіз. Жақындарыңызға көп көңіл бөліңіз. Олардың сұрағына жауап беруге, мәселесін шешуге көмек көрсетіңіз.

Сарышаян

Отбасындағы кикілжіңдер сіздің күш-қуатыңызды сарқып алады. Сонымен қатар жаңымсыз хабар естіп, көңіл-күйіңіз түседі.

Мерген

Егер жұмыс барысымен жол сапарға шығу керек болса, бас тартыңыз. Сырқаттанып қалуыңыз мүмкін немесе шығынға ұшырайсыз.

Тауешкі

Армандаңыз. Бірақ арманыңыз ойға қонымды болсын. Сонымен қатар бүгін жақындарыңызға көп көңіл бөліңіз.

Суқұйғыш

Жаңа бастамалар үшін сәтті күн. Тек өзіңіз оған дайын болғаныңыз дұрыс. «Тәуекел түбі жел қайық» деп мүмкіндікті пайдаланып қалыңыз.

Балықтар

Бүгін ағзаңызды тазартумен айналысыңыз. Жалпы, денсаулығыңызға көңіл бөліңіз. Сонда ғана аурудың алдын аласыз.

Тағы да оқыңыз: