Kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігінің 8 шілдеге арналған жұлдыз-жорамалы.

Тоқты

Бүгін сізді көп қызықтар күтіп тұр. Күніңіз жемісті болады. Барлық істе тәуекелшіл болыңыз, ақылмен шешіңіз. Бұған дейін жинаған тәжірибелеріңіз алдағы уақытта өз септігін тигізеді.

Торпақ

Жақсы күн. Жұмыста жетістікке жетуіңізге мүмкіндік бар. Сонымен қатар маңызды шаруалардың шешімін таба аласыз. Пікірлестеріңізбен бас қосыңыз. Олар сізге қиындықта жол көрсетеді.

Егіздер

Келісімшарт жасасуға қолайлы сәт. Ескі таныстардан гөрі, жаңа таныс адамдармен келісім жасасу оңайға түседі. Алдағы уақытта серіктестіктеріңіз достыққа айналатындай жанмен жолығасыз.

Шаян

Аздаған қиындықтар туындауы мүмкін. Бірақ бұл кедергілер сіздің мақсатқа жетуге деген талпынысыңызды ешқашан тежей алмайды. Жаңа істеріңіз сіз ойлағаннан да қиын болуы мүмкін.

Арыстан

Тыныш күн. Күтпеген жағдайлар жоспарларыңызды бұза алмайды. Кейінге қалдырып жүрген шаруаны қолға алатын кез келді. Қызықты жаңа идеялар пайда болып, сол арқылы табысыңыз молая түспек.

Бикеш

Бүгінгі күн жағымды жаңалығымен есте қалады. Барлығы сіз ойлағандай болмаса да, сіздің көңіл-күйіңіз түспейді. Сізге тапсырылған іс уақытысында орындалады. Өзіңізге таныс іспен айналысқаныңыз жөн.

Таразы

Бүгін ойыңызға көптеген идеялар келіп, жаңа жоспарлар құра бастайсыз. Ойлаған істің барлығын орындап шығу мүмкін емес. Кейде алдыңыздан кедергілер кездесуі мүмкін. Бірақ сіз еш саспайсыз, жоспарларыңыздан бас тартпайсыз.

Сарышаян

Кез келген істе жолыңыз болып, барлық жұмысыңыз алға басады. Жолыңызда кедергілер кездескеніне қарамастан, алға қарай қадам басу керек екендігін жақсы білесіз. Өзіңізге деген сеніміңіз жоғары.

Мерген

Қызықты күн. Жаңа бастамаларға жол ашылып, серіктестік орнатуға қолайлы күн. Сіз бұрын жасап көрмеген іспен айналыса бастайсыз. Қызықты ұсыныстар түсіп, бұрын көп естіген жерге сапарға шығасыз.

Тауешкі

Бойыңызда күш-қуатыңыз тасып тұр. Сондықтан біраз шаруаны атқаруға қауқарыңыз жетеді. Нәтижесінде біршама жетістіктерге жетесіз. Бүгін сізді жаңа таныстықтар күтіп тұр. Бұл таныстық сізге өз пайдасын тигізетін болады.

Суқұйғыш

Бүгін еш ерінбестен еңбек етіңіз. Сонда ғана күніңіз жемісті болмақ. Сондай-ақ нақты нәтижеге қол жеткізесіз. Қиындыққа мойымайсыз. Барлығы сізге қарсы тұрса да, сіз ешқашан берілмейсіз.

Балықтар

Жұлдыздар бүгін сіздің жағыңызда. Маңызды шаруаларыңызды іске асыруға қолайлы күн. Романтикалық кездесу ұйымдастыруға болады. Жақындарыңызбен қарым-қатынасыңызды жақсартасыз.

Бүгін сізді көп қызықтар күтіп тұр. Күніңіз жемісті болады. Барлық істе тәуекелшіл болыңыз, ақылмен шешіңіз. Бұған дейін жинаған тәжірибелеріңіз алдағы уақытта өз септігін тигізеді.

Тағы да оқыңыз: