Жұлдыздар не дейді? – Kyzylorda News
Басты бет

Бізге жаңалық жіберіңіз: +7(702)702-76-00

Жұлдыздар не дейді?

05.06.2020, 8:00

2451 0

Kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігінің 5 маусымға арналған жұлдыз-жорамалы.

Тоқты

Барлығы асығыс, тек сіз ғана ешқайда асықпайсыз. Әрбір қадамыңызды ойланып басасыз. Себебі сәт сайын түрлі идеялары келіп, оны жүзеге асыруға тырысасыз. Ескі таныстарыңызды жолықтырасыз.  

Торпақ

Күніңізді ішпыстырарлықтай етіп өткізуден сақтаныңыз. Көңіл-күйіңізді түсірмеңіз. Қызықты ұсыныстарды өзгелерден күтіп отырғаннан гөрі, өзіңіз ұсыныс тастаңыз. Серуенге шығыңыз, қыдырыңыз.

Егіздер

Қарбалас күн. Басты міндетіңіз жетістікке жетудің жолын табу. Басқа шаруаларға көңіл аударудың қажеті жоқ. Айналаңыздағы жандардың сөзіне емес, өз ішкі түйсігіңізге сеніңіз.

Шаян

Егер жаңа таныстықтарды қаласаңыз үйде отырмаңыз. Қызықты кездесулерге барасыз. Айналаңыздағы адамдардың ойы сізбен сәйкес келетіні қуантады. Ұқыпты болыңыз.

Арыстан

Көптен бері ойға алған шаруаны бітіретін кез келді. Бастапқыда барлығы қиындық туғызуы мүмкін. Бірақ табандылық танытар болсаңыз, барлық жұмысты аяқтауға мүмкіндік бар.

Бикеш

Сәтті күн. Қарсыластарыңыз өте қу болғанымен, сіз олардың алдын орап аласыз. Жаңа таныстықтар орын алып, сіз бұл кеште көпшіліктің назарына ілігесіз. Алайда сақ болыңыз.

Таразы

Қаражат мәселесі толғандырып жүр. Десе де, бүгін ақша көп жұмсайсыз. Шамадан тыс десек те болады. Егер барлық алынатын заттарды ақылдасар болсаңыз, саудаңыз сәтті болады.

Сарышаян 

Айналаңыздағы жандармен келіспейсіз. Кейде бұл әрекетіңіз дұрыс болғанымен, достарыңыздың кеңесіне құлақ түріңіз. Сондай-ақ бүгін шығармашылық жоспарлар туралы ақылдасуға қолайлы күн.

Мерген

Маңызды сауалдарға жауап табатын, пайдалы іспен айналысатын күн. Өзгелердің ағара алмағанын, тіпті ұсақ-түйекті де байқай аласыз. Сондықтан да көбісі сізден ақыл сұрауға асығады.

Тауешкі

Жаңа бастамаларды қолға алатын күн. Өз тапсырмаларыңызды да орындап, өзгелерге де көмектесе аласыз. Сонымен қатар кейін өзіңізге жақын тұтатын жанмен танысатын боласыз.

Суқұйғыш

Барлығы ойдағыдай болады. Бірақ сіздің көңіліңіз еш тоймайды. Қазіргі жағдайды ғана ойлаңыз. Болашақ туралы ойды кейінге қалдырыңыз. Әйрпесе көп жоспарларыңыз орындалмай, көңіл-күйіңіз түседі.

Балықтар

Күшіңізді өзгелермен біріктіретін күн. Егер мәселе туындаса оны жалғыз шешуге тырыспаңыз. Қиындықты бірге жеңу оңайырақ болатынын естен шығармаңыз. Кешке көңіл-күйіңіз түсуі мүмкін, бірақ жақындарыңыз сізге көмектесетін болады.

0

Пікір қалдыру