Kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігінің 27 мамырға арналған жұлдыз-жорамалы.

Тоқты

Түске дейінгі уақытта әлдеқайда қатты асығасыз. Асығыстық сізге жат қылық болғанымен, бүгін тым асығыссыз.

Торпақ

Бүгін барлық шаруаңыз бірінің үстіне бірі қарбаласып, біраз уақыттан бері жиналған жұмыстарды тез арада бітіруге тура келеді.

Егіздер

Жиындарда, отырыстарда өзіңізді еркін ұстап, керемет көңіл-күйде боласыз. Осы кездесулерден жаңа таныстар тауып, олардың сізге пайдасы тиетін болады.

Шаян

Сізді жаңа өмір күтіп тұр. Қызметте өсесіз, жеке кәсіпте табысыңыз артады, сондай-ақ шығармашылығыңыз шыңдала түседі.

Арыстан

Қазіргі уақыт ем қабылдауға, ғылымдағы құпияларды ашуға қолайлы. Жұмысқа қатысты мәселелерді түске дейінгі уақытта шешіп алыңыз.

Бикеш

Бүгін сіз үшін қаржылық жағдайыңыз маңыздырақ. Біраз шығындаласыз. Бірақ бұл шығындар сіздің жан рахатыңыз үшін жұмсалады.

Таразы

Жұлдыздар материалдық жағдайыңызды жақсартуға, өмір сүру салтыңызды жоғары деңгейге жеткізуге күш-қуат береді.

Сарышаян

Бүгінгі күн табысты болады. Әсіресе топ болып жұмыс жасайтындардың айы оңынан туады. Бүгінгі басты қағида – ұстамды болу.

Мерген

Таңертеңгілік барлық жоспарыңыз жүзеге аса бастайды. Табысты болуға мүмкіндік туып тұр. Жаңа идеялар пайда болады.

Тауешкі

Түске дейінге уақытыңыз керемет өтеді. Жаңа жұмысқа тез бейімделіп, қиын тапсырмаларды игере аласыз.

Суқұйғыш

Асықпаңыз. Қиындықтың барлығын еңсере аласыз. Қызметтік сатыда өсу үшін бар күшіңізді саласыз.

Балықтар

Өмірдің жаңа баспалдағын аттайсыз. Өзіңіздің жоспарларыңызды жүзеге асырып, белсенділік танытатын уақыт.

Тағы да оқыңыз: