Kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігінің 29 қарашаға арналған жұлдыз-жорамалы.

Тоқты

Бүгін асығыстық танытудың қажеті жоқ. Мәселенің мән-жайын білмей тұрып, ешкімге уәде бермеңіз.

Торпақ

Жалғыз әрекет етпеңіз. Өзіңізге жүктелген жауапкершілігі мол тапсырманы орындауда жаныңызға әріптесіңізді ертіп алыңыз.

Егіздер

Егер мақсатыңыз қиялға толы болмаса оған жетуге болады. Сондықтан ойға қонымды іспен айналысқаныңыз жөн.

Шаян

Ескі достармен ұрыспауғы тырысыңыз. Өйткені олармен қайта табысу немесе олар секілді дос табу мүмкін емес.

Арыстан

Бүгін өзіңізге ұнайтын іспен айналысыңыз. Арқаңызды кеңге салып, сүйіктіңізбен демалуға қолайлы уақыт.

Бикеш

Бүгін жұмыс ауыстырасыз. Жаңа жұмыста «қызметтік роман» болғалы тұр. Қаржы жағынан қиналмайсыз. 

Таразы

Бүгін үй шаруасынан бір сәт демалып, басқа шаруамен айналысқаныңыз жөн. Не болмаса тыныштық та демалыңыз.

Сарышаян

Бүгін өзіңізді шаршатпаңыз. Эмоцияға берілу, денеңізге күш салу сынды жағымсыз әсерлерден арылыңыз.

Мерген

Бүгін жақын адамдарыңызбен қарым-қатынасты нығайтуға күш саласыз. Олардың көңілін аулау үшін барыңызды саласыз.

Тауешкі

«Шыдамның да шегі бар» екенін ұмытпаңыз. Яғни, бүгін күндегідей шыдамды болудың қажеті жоқ. Денсаулығыңызды күтіңіз.

Суқұйғыш

Бүгін бәсекелестеріңіз сізді қызметтен аластатуға тырысады. Өз ұстанымыңызды сақтаңыз. Олардың сізге «жақындауына» жол бермеңіз.

Балықтар

Бүгін күтпеген адамдардан көмек аласыз. Сонымен қатар өзіңізге қажетті маңызды ақпаратқа қол жеткізесіз.

Тағы да оқыңыз: