Kyzylorda-news.kz ақпарат агенттігінің 12 сәуірге арналған жұлдыз-жорамалы.

Тоқты

Жақсы нәтиже беретіндігіне сенсеңіз, сол іспен айналысуға болады. Жылжымайтын мүлікке қатысты барлық мәселе оң шешімін табыды. Мүкіні жаңа баспанаға қол жеткізесіз.

Торпақ

Күтпеген жерден табысты боласыз. Жұмысыңыз алға жылжиды. Жолыңызда аздаған кедергілер болуы мүмкін, алайда сіз олардан еш қорықпайсыз. Сондықтан барлық ісіңіз алға басады.

Егіздер

Бұрын жіберген қателіктеріңізді түзейсіз. Сонымен қатар сіздің кешіріміңізді күтіп жүрген адамдармен татуласасыз. Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетудің еш әбестігі жоқ. Жақсы көретін адаммен әңгімелесу жаныңызға жайлылық сылайды.

Шаян

Айлық жалақыңыз өседі немесе қосымша табыс көзін табасыз. Қиын жағдайда оңтайлы шешім шығара аласыз. Қарсыластарыңызды шаң қаптырасыз. Жақындарыңызбен емен-жарқын әңгімелесіп, бір-бірлеріңізді жақсы түсінісесіздер.

Арыстан

Өзіңіздің келбетіңізге, сырт бейнеңізге мән беріңіз. Сол арқылы жетістікке жетіп, маңызды келіссөздер сіздің пайдаңызға шешілетін болады. Бүгінгі күн маңызды істер атқаруға сәйкес келмейді.

Бикеш

Ерекше күн. Табысқа жету үшін батылдылық қажет. Оңайлықпен жеңіске жетемін деп ойласаңыз қатты қателесесіз. Күнделікті атқарып жүрген жұмыстардан гөрі, тәжірибе жасап көрген дұрыс. Кейбір істерде тәуекелге бел буыңыз.

Таразы

Бүгінгі күн керемет болмақ. Сіз қиындықтардан қорықпайсыз, сондықтан оларға мойынсұнбайсыз. Бүгін жаңа идеялар келіп, алдағы күндерге жоспар құрасыз. Өз күшіңізге сенесіз, жоғары мақсаттарға қол соза білесіз.

Сарышаян

Тәуекелге бел буа біліңіз. Әрбір істе тәуекелділік танытсаңыз жұлдыздар да сізді қолдап, жұмысыңыз сіз ойлағаннан да артығымен орындалады. Күнделікті істен еш жалықпайсыз, керісінше ләззат аласыз.

Мерген

Көмекшілер және серіктестер табу оңай. Олар уақыт өте келе жақын достарыңызға айналуы мүмкін. Жақындарыңызға қиын сәттер де қолдау білдіріп, өзіңізде жақсы көңіл-күйде боласыз. Жақындарыңыз сізден ақыл-кеңес сұрап келеді.

Тауешкі

Бүгін сізге қызықты ойлар келіп, оны жүзеге асыруға асығасыз. Тек уақыт жоғалтып алмағаныңыз жөн. Тез жұмыс жасап, шалт қимылдай білсеңіз табысқа да тез қол жеткізе білесіз.

Суқұйғыш

Достарыңыз сізбен бірге әңгіме-дүкен құруға қуана келіседі. Сіз оларға қызықты идеялар айтып, қолдау білдіресіз. Демалысқа немесе саяхатқа шығуға жоспар жасайсыз. Кешке қарай романтикалық кездесуге барасыз.

Балықтар

Жұмыста ұсақ-түйекке алаңдамай, басты тапсырманы орындауға тырыссаңыз жұмысыңыз сәтті болады. Бүгін қосымша табыс табу, материалдық жағдайыңыз жақсарады.

Тағы да оқыңыз: