Kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігінің 28 наурызға арналған жұлдыз-жорамалы.

Тоқты

Бүгін барлық мәселені ақылға салып шешіңіз. Дәл қазіргі сәт кемелдене түсуге ұмтылатын уақыт. Берілген тапсырмаларды мұқият орындайсыз.

Торпақ

«Сабыр түбі – сары алтын» демекші, сабыр сақтай білсеңіз, барлығы оңынан болмақ. Аз уақытқа жалғыз қалғаныңыз өзіңізге жақсы.

Егіздер

Денсаулығыңыз оңалады. Сонымен қатар достарыңызбен қарым-қатынасыңызда жақсарып, өміріңізге жаңа өзгерістер енгізуге құштарлығыңыз артады.

Шаян

Жақындарыңызбен сөзіңіз жараспайды. Олар сіздің қолдауыңыздан бас тартады. Сондықтан өз-өзіңізбен болып, шығармашылықпен белсенді түрде айналысыңыз.

Арыстан

Сұқ көздерден сақ болып, көпшіліктің көзіне түспеуге тырысыңыз. Сіздің қолыңыздан барлығы келеді. Сондықтан өзіңізге сеніңіз.

Бикеш

Сіздің мейірімділігіңіз өзгелерге күн нұрындай шашылады. Өзіңіз де жаныңызға жылу сыйлайтын жанмен жолығасыз.

Таразы

Орындалмас армандарды шетке ысырыңыз. Осы орайда жақындарыңыздың пікірін де ескергеніңіз жөн. Сіздің ақшаңызға бола дос болып жүргендерді орнына қойыңыз.

Сарышаян

Қоғамдағы беделіңіз артады. Сондай-ақ бүгін беделді тұлғалармен танысасыз. Ата-анаңыздың қолдауына ие болып, қаржылай қиындықтардан құтыласыз.

Мерген

Дәл қазіргі сәт нағыз достар табуға таптырмас уақыт. Егер сіз  отбасылы болсаңыз, жолдасыңыздың мінезі өзгергенін байқайсыз.

Тауешкі

Өзіңізді кәсіби маман ретінде таныту қиын. Кейбір достарыңызбен сөзіңіз жараспай қиналасыз. Есесіне жақсы адамдармен танысасыз.

Суқұйғыш

Жұлдыздар сақ болуға кеңес береді. Себебі, қаржылай қиындыққа тап болып, дене жарақатын алуыңыз мүмкін. Таңғажайып романтикалық оқиғаны бастан өткізесіз.

Балықтар

Өзіңізге осыған дейін қолдау көрсетіп жүрген туысқандарыңызға толықтай сенім артуыңызға болады. Егер басыңыз бос болса, бүгін өмірлік жарыңызды жолықтырасыз.

Тағы да оқыңыз: