Жұлдыздар не дейді? – Kyzylorda News
Басты бет

Жұлдыздар не дейді?

24.02.2020, 8:00

709 0

Kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігінің 24 ақпанға арналған жұлдыз-жорамалы.

Тоқты

Жақын адамыңызбен қарым-қатынасыңыз қиындай түседі. Оны жақсартамын деп әуреге түспеңіз. Тек түсінісу үшін уақыт беріңіз. Сонда ғана барлығы өз орнына келеді.

Торпақ

Қаржылық жағдайыңызды жақсартуға мүмкіндік бар. Бүгін көп шаршайсыз. Көңіл-күйіңіз түсіп, басыңыз ауырады. Үй шаруасы да әдеттегіден кебейіп кетуі мүмкін. Бірақ еш уайымдамаңыз, көмекке келетіндер бар.

Егіздер

Бүгін белсенділік танытып, шығармашылығыңызды шыңдай түсесіз. Қызықты ұсыныстар түсіп, жұмысқа деген ынтаңыз артады. Бірақ барлығы сіз ойлағандай болмайды. Шыдамды болыңыз.  

Шаян

Бұрын жасап көрмеген іспен айналысыңыз. Сізге таңсық сауда-саттық саласы болуы мүмкін. Бұл салада мол табысқа кенелеріңіз анық. Бірақ сізге серік болар жан керек. Серіктестің өзіңіз таңдаңыз.

Арыстан

Қаржылық жағдайыңыз жақсарады немесе берілген тапсырманы сәтті аяқтайсыз. Бірақ арқаны кеңге салудың қажеті жоқ. Отбасыңызға көп көңіл бөліңіз. Жоспарларыңызды өзгертуге тура келеді.  

Бикеш

Бүгін күш-қуатыңыз тасып тұр. Кез келген істе тәуекелге барып, оларды оң нәтижемен аяқтайсыз. Үйге жөндеу жұмыстарын немесе пайдасы мол зат сатып алар болсаңыз бүгін жолыңыз болады.

Таразы

Алға қойған мақсатыңызға бір табан жақындайсыз. Өзіңізге деген сенімділігіңіз артып, ішкі түйсігіңіздің алдамайтынына көзіңіз жетеді. Қайсыбір істі қолға алсаңыз да барлығын оңай атқара аласыз.

Сарышаян

Кәсіппен айналысатын «суқұйғыштар» үшін бұл күн сәтті болады. Бүгін сіздер өз ісіңізге қатысты жағымды жаңалық аласыз немесе ұсыныс түсуі мүмкін. Бірақ сол ұсынысты мақұлдамай тұрып, ұзақ ойланыңыз.

Мерген

Сіздің табандылығыңыз бен сырт келбетіңіз жұмыста оң нәтижеге қол жеткізуге көмектеседі. Жетістікке тез жетемін деп ойласаңыз, қателесесіз. «Асықпаған, арбамен қоян аулайды» демекші, мақсатқа асықпай жетуге болады.

Тауешкі

Достарыңыздың немесе серіктестеріңіздің көмегімен жұмысқа қатысты ұсыныс аласыз. Бұл ұсыныс сіздің табысыңызды арттырады не болмаса жаңа қызметке ауысасыз. Бірақ барлығын жан-жақты ойланып алыңыз.  

Суқұйғыш

Өзіңіздің күш-жігеріңізге сенім артып, біраз шаруаны тындырасыз. Көптен ойға алған жоспарыңызды жүзеге асыратын кез келді. Жұлдыздар баспанаға қаражат жинау немесе алдағы күндерге ақша жинауға кеңес береді.  

Балықтар

Қандайда бір істі артығымен орындағанды ұнатасыз. Іске тиянақтылығыңыздың арқасында табысыңызда көбейе түспек. Жұмыс бабымен жолға шығуыңыз мүмкін. Бұл материалдық жағдайыңызды жақсартатыны белгілі.