Kyzylorda-news.kz. Белгілі әнші  Қайрат Нұртастың жұбайы Жұлдыз Абдукаримова «Әлем ханымы-2020» байқауына қатыспақ  Бұл  туралы ол Instagram желісіндегі ресми парақшасында жазды.

«Құпияны ашатын уақыт келді. Биыл “Әлем ханымы-2020” байқауында Қазақстанды таныстырамын. Бұл – сыртқы сұлулықтың ғана емес, ішкі құндылық пен ақылдың әдемі үйлесім тауып, нәзік әлемді айшықтай түсетін байқау. Басты мақсаты – әлемнің әр түкпіріндегі әйелді қолдау. Пандемия салдарынан биыл байқау онлайн өтеді. Сондықтан 1-24 желтоқсан аралығында сайтта дауыс беру жүреді. Ел абыройы үшін бәріміз бірігіп жеңіске қадам жасайық. Қазақ қыздары мен әйелдерінің табиғи сұлулығын әлемге мойындатайық»,-деді ол.

Сондай-ақ, Абдукаримова Қазақстанның ғана емес Орта Азияның да намысын қорғайтынын атап өтті.

«Құрметті менің Қырғызстандағы, Өзбекстандағы, жалпы Орта Азиядағы оқырмандарым! Маған сіздердің де қолдауларыңыз ауадай қажет»,-деп сөзін қорытындылады актриса.

https://www.instagram.com/p/CIGGvnTpu3Y/

Тағы да оқыңыз: