*Kyzylorda-news.kz. 2021 жылдың қыркүйек айының 15-30 күндері аралығында Арал ауданы әкімдігінің қолдауымен, «Аудандық мәдениет үйі» КМҚК ұйымдастыруымен Арал ауданының логатипін өзгерту мақсатында республикалық онлайн байқау жарияланып отыр.*

Байқаудың мақсаты

Арал ауданының жаңа логотипін өзгертуде Аралдың брендін қалыптастырып, Қазақстанға таныту және ғаламтор желісінде өзіне тән оң имиджін көтеру болып табылады.

Байқаудың шарттары

Байқауға дизайнерлер, суретшілер және кез келген ынталы әлеуметтік желі қолданушылары қатыса алады. Байқауға қатысушылар Арал ауданының логатипін өзгертуге қатысты өзінің қолмен жасаған авторлық жұмысын А4 форматта түрлі-түсті карандаш, гуашь, акварель пайдалана отырыпсурет салады. Және салған суретін CorelDRAW және Photoshop программаларына түсіріп, JPEG форматында сақтап, Facebook әлеуметтік желісінде аудандық мәдениет үйінің әлеуметтік парақшасына сілтеме жасай отырып, авторлық жұмысына видео нұсқа арқылы қысқаша түсіндірме жасап салуы тиіс.

1. Арал ауданының логатипі – атап айтқанда, ғасырлық тарихы бар Арал қаласын дәріптеу әрі тақырыпты ашу, қолданыстағы (бекітілген) логотипті негізге ала отырып, түсі мен шрифттер бекітілген логотипке сәйкес келуі, авторлық құқықтарға сәйкес болуы секілді талаптар қойылады.

Байқаудың қазылар құрамы

Байқау жеңімпазын білікті суретшілер мен дизайнерлерден, БАҚ өкілдерінен, мемлекеттік мекемелер және үкіметтік емес ұйым мүшелерінен құралған арнайы комиссия анықтайды. Қазылар алқасының шешімі түпкілікті және қайта қарауға жатпайды.

Марапаттау

Байқауға қатысушы талапкерлер арасынан бір ғана жеңімпаз анықталады. Арнайы диплом және екі жүз мың теңге (200 000 тг.) қаржылай сыйлықпен марапатталады. Байқаудың қорытындысы 2021 жылдың қазан айының бірінші он күндігінде жарияланады.

Байланыс ақпараттары

Байқауға 2021 жылдың қыркүйек айының 15-30 күндері аралығында жарияланған материалдар қабылданады. Қатысушы жұмысын аral_rdk@mail.ru электронды поштасына немесе Facebook әлеуметтік парақшасында «Арал аудандық мәдениет» КМҚК үйінің әлеуметтік парақшасына «Арал Аудандық Мәдениет Үйі» сілтеме жасай отырып жолдауы тиіс.

Байланыс телефондары: Аудандық мәдениет үйі 2-18-37

Байқауға жауапты: Гүлбану Матығұлова тел: 8775 238 41 55

Тағы да оқыңыз: