Kyzylorda-news.kz. Қармақшы ауданы Жосалы кентінде әлеуметтік нысандар мен жеке тұрғын үйлерге көгілдір отын жеткізіліп, табиғи газ орнатуда 6 қызмет көрсету орталығы жұмыс істеп тұр. Бұл туралы аудан әкімі Қайрат Нұртай хабарлады.

«Қай кезде де табиғи газдың берілуі экономикалық өсу мен әлеуметтік дамудың маңызды бөлігі болып саналады. Қазір Жосалы кентінде табиғи газды әлеуметтік нысандар мен жеке тұрғын үйлерге орнатып, құрып беруде 6 қызмет көрсету орталығы жұмыс істеп тұр. Одан бөлек, олардың арасында тұрғындарға қолайлы болу үшін несиеге бөліп төлеу жолдарын қарастырғандары да кездеседі», – дейді аудан әкімі.

Алдағы кезеңдерде көгілдір отынға қосылатын елді мекендердің санын арттыру мақсатында жоба құны 1526,2 млн теңге болатын Төретам кенті мен жоба құны 979,1 млн теңге болатын Ақай елді мекені жоспарлануда. Атап айтқанда, 2 елді мекенге тартылатын газ құбыры мен орамішілік газ тарату желілерін салу құрылысына жергілікті бюджеттен 1 млн теңге қаралып, мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде.

Тағы да оқыңыз: