Kyzylorda-news.kz. Жолаушылар тасымалы» АҚ-на қатысты сот шешімі заңды күшіне енді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР ҰЭМ Бәсекелестікті қорғау және дамыту комитетінің Facebook -тегі парақшасында жарияланған ақпаратта сот «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ын билеттерді қайтару кезінде 1 мың теңге негізсіз ұсталуына байланысты кінәлі деп танығандығын атап өтеді.

«Осы жылдың ақпан айында монополияға қарсы орган оған бұзушылық белгілерінің барын және оны тергеп-тексеру басталғанға дейін жою қажеттігі туралы хабарлама жолдады.

Алайда «Жолаушылар тасымалы» АҚ заңда көзделген осы құқықты пайдаланбады және сотта «ұтылып» қалды», – деп атап өтеді комитеттен.

Тағы да оқыңыз: