Kyzylorda-news.kz. «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» Қызылорда облыстық филиалы еліміздегі үздік 100 кәсіпорынның қатарына енді.

Жергілікті жолшылардың зертханасы өз саласы бойынша «Сапа жұлдызы» ұлттық компаниясы жүргізген рейтингте жоғары бағаланып отыр.

Атап айтсақ, орталықтың зертханасы қызмет көрсету сапасы жағынан еліміздегі озық зертханалардың бірі атанды. Бүгінде «Kaidzen» технологиясын енгізіп, жаңашылдыққа бетбұрған орталықта кез келген жол құрылыс материалынжіті тексеруден өткізуге мүмкіндік бар. Мәселен, былтыр мамандар аймақ жолдарынан 1400-ге жуық сынама алып, соның 480-і талапқа сай еместігін анықтаған. Жалпы «Сапа жұлдызы» сертификатын иеленген «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» мамандары биыл да ұдайы бақылау жүргізіп, олқылықтардың алдын алуда аянбай еңбек етуде.

Динара ДЕМЕСІНОВА, «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» ҚОФ сапа жөніндегі менеджер

Тағы да оқыңыз: