Kyzylorda-news.kz. Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен Қазақстан Жоғарғы cотының ішкі қауіпсіздік қызметі Жоғарғы сот судьясын ұстады. Судья ірі көлемде ақша алу барысында қолға түсті, деп хабарлайды Жоғары соттың баспасөз қызметі.

Күдіктінің Қазақстанның Жоғары сот кеңесінде жұмыс істеген кезде Түркістан облысы аудандық сотының судьясын бір соттан екінші сотқа ауыстыру бойынша көмек көрсеткені үшін ақша алғаны анықталды.

Сонымен қатар Түркістанда ақша берген аудандық соттың судьясы да ұсталды. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сай жарияланбайды.

Тағы да оқыңыз: