Kyzylorda-news.kz. Халыққа қызмет көрсету орталығының #oqy&toqy айдарында «Жерлеуге арналған бір реттік төлемдерді тағайындау» қызметін онлайн рәсімдеу туралы айтылады. Бұл қвзмет түрін алу үшін:

  • Egov.kz порталына кіріңіз;
  • «Жерлеуге арналған бір реттік төлемдерді тағайындау» қызметін табыңыз;
  • Қызметті онлайн сұратыңыз;
  • Қайтыс болған кісінің ЖСН енгізіңіз;
  • Ақпаратты тексеру қажет;
  • Сұранымды жіберіңіз;
  • Екінші қадамда ЭЦҚ арқылы сұранымға қол қою қажет;

Аталмыш қызметке өтінімді ХҚО-дан да беруге болады. Ол үшін келесі құжаттар қажет:

  • Жерлеуді жүзеге асыратын адамның жеке басын куәландыратын құжат;
  • Заңды тұлға үшін мемлекеттік тіркеу туралы анықтама немесе кәсіпкердің патенті;
  • Қайтыс болу фактісін растайтын құжат;

Құжат туралы ақпаратты жеке кабинетіңіздегі қызметтерді алу тарихынан көре аласыз. Қызмет 3 жұмыс күні ішінде дайын болады.

Тағы да оқыңыз: