Kyzylorda-news.kz. Қазақстанның басым бөлігі әлі де антициклонның ықпалында болғандықтан, күн жауын-шашынсыз болады, деп хабарлайды Қазгидромет.

Тек Қазақстанның солтүстігінде, орталығында және оңтүстік-шығысында атмосфералық ағынардың өтуіне байланысты жауын-шашын жаңбыр және қар жаууы ықтимал. Республиканың кей жерлерінде тұман түсіп, жел күшейеді. Елдің шығысында көктайғақ болып, оңтүстік-батысында шаңды дауыл көтеріледі.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде көктайғақ болып, тұман түседі, күндіз жел 15-20 м/с жылдамдықпен еседі.

Ақмола, Түркістан, Жамбыл, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.

Маңғыстау облысында шаңды дауыл тұрып, Жамбыл облысында тұман түседі.

Павлодар облысында, түнде және таңертең Алматы, Солтүстік-Казахстан, Қарағанды ​​ облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.

Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде түнде 1-3 градус үсік жүреді.

Тағы да оқыңыз: