Kyzylorda-news.kz. Жексенбі елімізде тұман түсіп, жаңбыр жауады, күн күркіреп, найзағай жарқылдайды, жел күшейеді, деп хабарлайды Қазгидромет.

Синоптиктердің болжауынша, 6 қыркүйекте Қазақстанның басым бөлігіне солтүстік және оңтүстік антициклон әсер етеді, осыған байланысты оңтүстікте күн күркіреп, найзағай жарқылдайды, кей жерлерде жаңбыр жауады. Тек еліміздің батысында күн райы ашық болады. Еліміздің кей жерлерінде тұман түсіп, жел күшейеді, батыста шаңды дауыл соғады.

Қызылорда облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Кей жерлерінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

Тағы да оқыңыз: