Kyzylorda-news.kz. 14 ақпанда орталығы Мәскеу маңында орналасқан циклон жырасы өз әсерін ҚР батыс, солтүстік-батыс және солтүстік аудандарына тигізе бастайды – жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі, деп хабарлайды Қазгидромет.

Қазақстанның қалған территориясында антициклон жотасы жауын-шашынсыз ауа райын қалыптастырады. Республика бойынша кей жерлерде тұман, желдің күшейюі сақталады.

Батыс Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, желдің 15-20 м/с күшейюі, жаяу бұрқасын күтіледі.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында кей жерлерде тұман, күндіз – көктайғақ, желдің 15-20 м/с күшеюі, Солтүстік Қазақстан облысында жаяу бұрқасын күтіледі.

Алматы, Ақтөбе, Атырау облыстарында кей жерлерде тұман, көатайғақ, Атырау облысында күндіз желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі.

Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда облыстарында кей жерлерде тұман, желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі.

Түркістан, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.

Тағы да оқыңыз: