Жекеменшік салықты төлемесеңіз, жалақыдан қағыласыз – Kyzylorda News
Басты бет

Жекеменшік салықты төлемесеңіз, жалақыдан қағыласыз

14.09.2021, 10:40

313 1

Kyzylorda-news.kz. Жер, мүлік салығынан жеке тұлғалардың бюджетке қарыздары 940,5 млн. теңгені құрап отыр.

Оған 2020 жыл үшін есептеліп,1 қазанға дейін төлеуге тиіс 000 мың теңге салықтары қосылса тұрғындардың бюджет алдындағы берешегі көбейе түседі.

Осы берешекті өндіру мақсатында, Қызылорда облыстық кірістер департаменті тарапынан жыл басынан бері жеке тұлғаларға 592,5 млн.тг теңгеге 17 050 Салық бұйрығы шығарылып, жеке сот орындаушыларға жолданған. Оның ішінде 5229 Салық бұйрығы бойынша 102,3 млн.тг немесе 17% өндірілді.

Уақытылы төленбеген салыққа есептелетін өсімпұлды, сот орындаушының шығындары қосылса әркімнің қалтасына қосымша салмақ түсіп, артық шығынға тап боласыз.

Одан басқа,әлеуметтік шиеленіс туғызбау мақсатында (берешектеріне өсімпұл есептеу, айыппұл салу, банк шотына шектеу қою және т.б.) Қызылорда қаласы бойынша 2019 жылдан бастап «Энергосервис» коммуналдық кәсіпорынның «Бірыңғай төлем құжаты» хабарламасына салықтар жөнінде ақпарат енгізіліп салық төлеушілерге таратылуда. 

Бюджетке мүлік, жер, көлік салықтарын оңай, жеңіл төлеу үшін «e-Salyq Azamat» мобилді қосымшасының «Салық әмияны» қызметін пайдаланып, «Салық әмиянын»  қаржымен толтыру арқылы, балама салық төлеу мүмкіндігіне ие болады.

Салықтарды төлеудің электрондық сервисі – салықтар бойынша төлеу мерзімін өткізіп алуды болдырмайды.

1

Пікір қалдыру