Kyzylorda-news.kz. Бүгінгі күні Қызылорда облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің аумақтық басқармалар бақылауында 9 балаларды сауықтыру ұйымы бар. Оның 7-уі мемлекеттік болса, 2-уі жеке.

Аталған сауықтыру ұйымдарының 6-уы жыл бойы қызмет көрсетеді. Бүгінгі күні 8 лагерь санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алды. Олар Арал ауданындағы «Қамбаш олимпиядалар және қосымша білім беру орталығы», Сырдария ауданындағы «Жалын», Жалағаш ауданындағы «Ақтерек», Шиелі ауданындағы «Сыр ұланы», Жаңақорған ауданындағы «Тау самалы», «Облыстық олимпиадалар және қосымша білім беру орталығы», Қызылорда қаласындағы «Зерентай, «Қазалы ауданындағы «Шағала». Қызылорда қаласындағы «Петро Казахстан Кумколь Ресорсиз» АҚ-на қарасты «Арай-Санрайз» лагерінің кеш ашылуына байланысты әлі өтініш түскен жоқ.

Биыл жаз айларында Қызылорда облысында 8 260 бала өз денсаулығын жақсартып, спорттық және зияткерлік спартакиадаларға, көңілді жарыстарға қатысып, жазғы уақытты жақсы өткізуге мүмкіндік алады.

Өз аймағынан тың жерлерге бара алмайтындар үшін аймақтамектеп жанынан күндізгі 273лагерь ұйымдастырылды.Мұнда жазғы маусымда 90 035 оқушы қамтылады деп жоспарлануда.
Облыстағы барлық сауықтыру ұйымдарында ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. 3 лагерьде ас блогтары қосымша технологиялық-тоңазытқыш қондырғылармен жабдықталды, 5 лагерь ғимараты орталықтандырылған ауыз су жүйесіне қосылған. Шомылу үшін Арал мен Сырдария аудандарындағы тынығу лагерінде табиғи су көзі, қалған 7 лагерьде бассейн қарастырылған, барлығы жұмыс қалпында. Медициналық-санитариялық көмек көрсету бойынша жалпы облыс бойынша 4сауықтыру ұйымында штаттық мейірбике қарастырылған. Сонымен қатар барлық лагерьде жергілікті денсаулық сақтау ұйцымдарымен келісім шартпен балалар дәрігері, тіс дәрігері және мейірбикелер бөлінген.

Бүгінгі күнітынығу лагерлерінің үй-жайлары мен аумағына кенеге, шыбын-шіркей, құрт-құмырсқаларға қарсы өңдеу, залалсыздандыру, жұмыстары жүргізілген.
Облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау қызметімен балалар арасында топтасқан тағамнан улану және инфекциялық аурулардың алдын алу мақсатында қала сыртындағы және мектеп жанындағы күндізгі лагерьлерге санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауды күшейту туралы тапсырмалар берілді. Тағам қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында білім бөлімдері, санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің аумақтық бөлімшелері және балаларды сауықтыру ұйымдарында тамақтандыру қызметін көрсететін кәсіпкерлер арасында өзара ынтымақтастық туралы үш жақты меморандум жасалды.

Облыстағы сауықтыру ұйымдарының санитариялық-эпидемиологиялық жағдайы мен балалардың денсаулығына тұрақты түрде мониторинг жүргізіледі.

Мамыр айында аймақтың білім беру басқармасымен, төтенше жағдайлар департаменті, полиция департаменті және сауықтыру ұйымдарының өкілдерімен бірлесіп, шектеу іс-шаралары, қауіпсіздік ережелері, санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуы, балаларды сауықтыру ұйымдарының жұмыс жасау агоритмін сақтау мәселелері бойынша бірнеше түсіндірме іс-шаралары өткізілді.

Құрметті ата-ана! Балаңыздың қауіпсіз демалысы үшін тынығу лагерін таңдаған кезде міндетті түрде санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысының бар болуына баса назар аудару қажеттігінің маңызын еске саламыз.

Алмаш ШУАХБАЕВА,

Қызылорда облысының санииариялық- эпидемиологиялық бақылау департаментінің бөлім басшысы

Тағы да оқыңыз: