Kyzylorda-news.kz. Жастар Jas Otan-ға қаншалықты сенеді? Бұл сұраққа ұйымның төрағасы Елнұр Бейсенбаев жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Jas Otan – жастардың ірі ұйымдарының бірі. Оның құрамында мықты да мақтаулы азаматтар көп. Біздің бүкіл өңірде филиалымыз бар. Jas Otan ұйымының жұмысын түсіне бермейтін көп адамдар біз туралы «бір күндік шаруамен айналысып жүр» деп те айтады. Бірақ олай емес. Бізде жастарға қызықты болатын бағдарлама жетерлік. Соның бірі – «Жастар – Отанға!». Ол 2 миллионға жуық адамды қамтиды. Біз ол бағдарлама аясында шынайы жұмыспен жастарға көмек, қолдау көрсетеміз», – деді Елнұр Бейсенбаев ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, Jas Otan жастар үшін әлеуметтік лифтке айналған.

«Jas Otan ұйымына мүше жастардың көбі қазір мемлекеттік қызметте, ұлттық компанияларда жүр. Кез келген азамат жүгінген жағдайда біз оған көмектесуге дайынбыз», – деді ол.

Тағы да оқыңыз: