Kyzylorda-news.kz. «En baqytty el» қоғамдық қоры «Жастар арасында отбасылық құндылықтарды нығайту жөніндегі шараларды институтционалдау» әлеуметтік жобасын «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ және Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің тапсырысы бойынша «Жас отбасы 2021» отбасылық байқауы бастау алды.

Байқаудың мақсаты – жастар арасында отбасы институтын, отбасылық құндылықтар мен отбасылық дәстүрлерді дәріптеу.

Байқау 2021 жылдың 3 тамыздан бастап 11 қыркүйекке дейінгі кезеңде онлайн форматта өтеді. Бұл ретте қатысуға арналған электрондық өтінімдерді қабылдау мерзімі – 20 тамызға дейін (қоса алғанда) жалғсады.

Жас отбасы мүшелерінің жасы – 35 жасқа дейін (қоса алғанда).

Қатысуға өтінімді мына сілтеме бойынша сауалнаманы толтыру арқылы беруге болады.

Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады. Байқау бойынша толық ақпаратты «Instagram» және «Facebook» әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшаларымыздан алуға болады.

Тағы да оқыңыз: