Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысындағы көне қалашықтардың пайда болуы, гүлденуі, қалыптасуы бойынша зерттеулер жалғасуда.

Оның ішінде ең маңыздысы бүгінде қазба жұмыстары жүргізіліп жатқан оғыздардың қаласы Жаркент. Зерттеу жұмыстары биыл басталды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен арнайы брифингте Қорқыт ата атындағы ҚМУ археология және этнография ғылыми орталығының жетекшісі Әзілхан Тәжікеев жеткізді.

«Жаркенттің бір ерекшелігі тек қана археологиялық зерттеулер ғана емес, сонымен қатар жаратылыстану ғылымының әдістерін пайдаланып зерттеп жатырмыз. Заманауи лабораториялар арқылы яғни Ресей, Англия, Германия мемлекеттерінің зертханаларында Жаркенттің құрылған жылын, жасын анықтадық. Бұрын біз бұл қалашықты 9-11 ғасырда тұрғызылды деп жүрсек, бүгінде 7 ғасырда негізі қаланғанын дәлелдедік. Сонымен бірге, бұл жаңалығымыз халықаралық басылымдарда жаряланып, әлемдегі ең үздік 100 мақаланың ішіне енді. Биыл бұл ескерткіш маңында нысандарды тұмшалау жұмыстары жүргізілуде», – деді Ә.Тәжікеев.

Тағы да оқыңыз: