Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысындағы эпидахуалдың ушығуына ардагерлер де алаңдап отыр. Індеттің тез таралуына сақтық шараларының тиянақты сақталмауы әсер етуде дейді олар.

Қазіргі жағдайға байланысты әр саланың ардагерлері халық алдына шығып, өз пікірлерін білдіруде. Осы орайда Қызылорда су шаруашылығы мекемесінің ардагерлер бастауыш ұйымының төрағасы Жақып Бегіш “Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде” деген нақыл сөзді ел есіне салды.

«Аурудың алдын кесіп, тоқтатудың 2 жолы бар. Алғашқысы бетперде тағып, арақашықтық сақтап, көпшілік орындарға баруға тыйым салу. Қарапайым-ақ қағида. Екіншісі – вакцина алу. Бүгінде екпемен індетті ауыздықтап,тосқауыл қоюға болатынын әлем мойындап отыр. Менің жасым 74-те. Жақында ешкімнің мәжбүрінсіз, өз еркіммен вакцинаның 2 компонентін де алдым. Өзімді зерттеп, бақылап көрдім. Алғашқы күні екпе егілген қолымның ауырсынғаны рас. Келесі күні ешқандай кері әсері байқалмады. Тіптен ештеңе сезбедім десе де болады. Жұрттың алып-қашпа сөзіне ерудің қажеті жоқ екенін түсіндім. Туған күнге бармай қалу ұят, асқа бармасақ ұят, той тойламасақ ұят. Халқымыздың өзі «ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» деген емес пе? Ендеше ауырмаудың бірден бір жолы – екпе алу. Ел болып бірігіп, бәріміз күш салайық».

Тағы да оқыңыз: