Kyzylorda-news.kz.  Мемлекет басшысы Қ. К. Тоқаевтың кезекті Жолдауы көпшіліктің көңілінен шықты. Əсіресе, ұлттық қордың жыл сайынғы инвестициялық табысының 50 пайызының балалардың арнаулы жинақтаушы есепшотына аударылатыны да күтпеген қуаныш болды. Бұл ел болашағы үшін үлкен қадам, дейді Қызылорда облыстық ҚХА жанындағы медиаторлар кеңесінің мүшесі Жақай Бодықбаев.

Ел бірлігінің қашан да ең басты құндылық екені де айтылды. Дəл қазіргі кезеңде оның өзектілігі арта түсіп отыр. Сондықтан, ішкі жағдайдың барынша тұрақты болуына ерекше көңіл бөліп, барлық ұлт пен ұлыстың тату болуына ұмтылу қажет.

Жолдауда білім мен денсаулықты сақтауға, ауыл шаруашылығын дамытуға да қаражаттар бөлінетіні айтылды.

Иə, мұндағы əр көтерілген мəселе орындалуы тиіс. Ол орындалып жатса, əрбір отбасының əл -ауқаты көтеріліп, еліміздің толық өркендейтіні ақиқат.

Бұл Жолдау Жаңа Əділетті Қазақстан құру жолындағы мықты қадам екені даусыз. Ендеше, бəріміз Мемлекет Басшысының саяси жəне əлеуметтік-экономикалық бастамаларын толық қолдайық. Қызылорда облыстық ҚХА жанындағы медиаторлар кеңесінің мүшесі ретінде Жолдауды қолдаймын және оны жүзеге асыруға атсалысамын.

Тағы да оқыңыз: