Kyzylorda-news.kz. Тергеп-тексеру барысында ұсталған азаматтардан заттай дәлелдемелер алынды. Олар 3 қару-жарақ, оның біреуі АКСУ автоматы мен 20 арнайы щит, дубинка, каска құралдары.

Қазіргі таңда, бірнеше органдардан құрылған ведомствоаралық жедел-тергеу тобымен қылмыстық істің мән-жайын жан-жақты, толық және объективті түрде тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде.

Жаппай тәртіпсіздікті пайдаланып қала орталығында орналасқан ломбардтан жалпы құны 300 млн. теңге болатын алтын бұйымдар және аңшылық дүкенінен 6 млн. 212 мың теңгенің заттары ұрланған. Аталған ұрлық қылмыстар бойынша күдікті ретінде Қызылорда қаласының 5 тұрғыны ұсталып, қамауға алынды.

Бүгінгі күнге, азаматтардан полиция органдары қызметкерлерінің әрекетіне қатысты Өзіндік қауіпсіздік басқармасына түскен 25 арыз-шағым бойынша тексеру жұмыстары жүргізілуде.

«Осы сәтті пайдалана отырып, облыс тұрғындарын сабырлыққа және Тергеу органының әрекетіне түсіністікпен қарауға шақырамын, себебі барлық тергеу әрекеттері заңның шеңберінде және толық көлемде жүргізіледі», – деді Қызылорда облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары Байжан Байгелді.

Тағы да оқыңыз: