Kyzylorda-news.kz. Тұңғыш Президент күні қарсаңында Жаңақорған ауданында топтық су құбырының құрылысы аяқталды.

Жоба аясында 338 шақырым магистральді құбыр тартылып, 10 автоматтандырылған станция салынды. Қазір бас су тоғандары тұрғызылып жатыр. Жаңа гидронысандар келер жылдың алғашқы жартысында пайдалануға беріледі. Сырдария топтық су құбырының іске қосылуымен 16 ауылдық округтегі 23 мыңдай тұрғын сапалы ауыз су тұтынады. Олар осы күнге дейін құдықтан тартып немесе егістік суаруға арналған арналардан тасып, санитарлық талапқа сай емес су ішіп келген.

Тағы да оқыңыз: