Kyzylorda-news.kz. Қазіргі таңда коронавирустық індетпен күреске жұмылдырылған мамандарымыз уақытпен санаспай жұмыс жасап жүргені белгілі. Сондай мамандардың қатарында Жаңақорған ауданаралық ауруханасының жоғары санатты дәрігер-эпидемиологы Асқан Отарбеков те бар.

Ол 29-шы наурыздан бастап үйіне қайтпаған. Отбасымен тек қолы қалт еткенде телефон арқылы ғана сөйлсетін көрінеді. Бірақ, дәрігер қызметін таңдағанына еш өкінбейтін көрінеді.

«Егер маған қайтадан мамандық таңдауға мүмкіндік берілсе, дәрігер мамандығын қайта таңдаған болар едім. Біздің қызметіміз адамның денсаулығына, тағдырына тікелей қатысты болғандықтан, міндетімізді асқан жауапкершілікпен, мінсіз атқаруға тырысамыз», – дейді ол.

Ол облыс тұрғындары дәрігерлерге қолдау көрсетіп, карантин талаптарына жауапкершілікпен қараса дейді.

«Мен 29-шы наурыздан бері, яғни, ауданда алғашқы науқас анықталған күннен бастап үйіме қайтқаным жоқ. Отбасыммен жұмыс арасында ғана телефонмен байланысып, жағдайларын біліп тұрамын. Сәт сайын науқастың жағдайын бақылап, өзіме жүктелген міндеттемелерді атқарудамын. Менің бір ғана өтінішім бар. Қалыптасқан жағдайға байланысты енгізілген карантин шараларына барлық тұрғындар үлкен жауапкершілікпен қараса деймін», – дейді жаңақорғандық дәрігер Асқан Бердіұлы.

Тағы да оқыңыз: