Жаңақорғандағы күкірт қышқылы зауытының энергокешені тұрақты жұмыс істеп тұр – Kyzylorda News
Басты бет

Жаңақорғандағы күкірт қышқылы зауытының энергокешені тұрақты жұмыс істеп тұр

05.02.2020, 17:20

555 0

Kyzylorda-news.kz. Жаңақорған ауданындағы «СКЗ-U» ЖШС күкірт қышқылы зауытының энергокешені 2019-2020 жылдың күзгі-қысқы кезеңін апатсыз режимде өткізуде.

Қазіргі күнгі ақпаратқа сәйкес, электр энергияның орташа тәуліктік сағаттық өндірісі 15,3 МВт құрайды. Оның ішінде зауыттың жеке тұтынуы – 5,3 МВт, жүйеге – 10,0 МВт беріледі.  Сонымен бірге, желіге жеткізілетін электр энергиясы, басқа энергия көздерінің электр энергиясымен салыстырғанда арзан болғасын «Қызылорда электр тарату тораптары компаниясы» АҚ оны тасымалдау үшін технологиялық энергия шығынын өтеу үшін сатып алады.

Энергия кешені белгіленген режимде тұрақты және сенімді жұмыс істейді – деп Қазақстан Республикасы Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша аумақтық департаменті хабарлайды. Бұл энергия көзі күкірт пайдалану қоры көлемінің нормативтік талаптарына сәйкес келеді. Сондай-ақ серіктестіктің бір ай бойы үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.

0

Пікір қалдыру