Kyzylorda-news.kz. Жаңақорған ауданы, Ақүйік ауылында той өткізген отбасыларға тиісті шара қабылдануда.

Қызылорда облыстық Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің Қызылорда облысы бойынша шектеу шаралары, оның ішінде карантинді кезең-кезеңімен жеңілдету туралы №24 қаулысында көрсетілген шектеулерге қарамастан той өткізу тыйылар емес.

Өткен сенбі, жексенбі күндері Жаңақорған ауданы әкімінің өкімімен құрылған мониторингтік топтың ұйымдастыруымен рейдтік шара жүргізілді. Нәтижесінде Жаңақорған ауданында 6 жерде той өткізіліп жатқаны анықталды.

Жинақталған құжаттарға сәйкес, тиісті шешім қабылдау үшін Жаңақорған аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жолданды. Қазіргі таңда рейдтік жұмыстар жалғасуда.

Бейнежазба Ақүйік ауылындағы тойда түсірілді

Тағы да оқыңыз: