Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысы Полиция департаментінің Жаңақорған аудандық полиция бөліміне Қожакент ауылының тұрғыны белгісіз біреу үйінің терезесін сындырып кіріп, қонақ бөлмесінен қымбат теледидарын және жатын бөлмесінен нан пісіретін пешін ұрлап кеткені туралы арызданған. 

Аудандық полиция қызметкерлерінің жүргізген  жедел іздестіру нәтижесінде 23 жастағы бұрын сотты болған азамат анықталып, ұсталды. Ол уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Күдіктіден айғақ заттар алынды.  

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабының 3-бөлігімен (тұрғын үй жайға заңсыз кірумен жасалған ұрлық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Тағы да оқыңыз: