Kyzylorda-news.kz. Қызыл кітапқа енген өсімдік ағашын кескен ауыл тұрғындары қылмыс үстінде ұсталды.

Қызылорда облысы Полиция департаменті Жаңақорған аудандық полиция бөлімінің табиғатты қорғау тобының және Қызылорда облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының қызметкерлерімен бірлескен рейд барысында 1 наурыз күні Өзгент ауылынан 3-шақырым жердегі тоғай арасында мемлекеттік белгісі жоқ, 2-дана «ВАЗ-2106» автокөліктерінің тіркемесіне қызыл кітапқа енген «Тораңғыл» өсімдігіне ұқсас ағаштарды тиеп жатқан жерінен 2 азамат ұсталды. 

Күдіктілердің екеуі де 23 жастағы аудан тұрғындары екені белгілі болды. Олар АПБ-не жеткізіліп, оқиғаның мән-жайлары анықталуда. Автокөліктер айып алаңына қойылды.

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.

Тағы да оқыңыз: