Kyzylorda-news.kz. Жаңақорған ауданы Аққорған ауылдық округі Түгіскен ауылында шамамен ауданы 30 гектар шабылған күріш алқабында құрғақ сабан жанған.

ҚР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәлидің хабарлауынша оқиға 2020 жылғы 21 қазанда сағат 18.50-де болған.

“Өрт 21 қазанда сағат 21.48-де толығымен сөндірілді. Өртті сөндіруге ТЖД мен ерікті өрт сөндіру құралымдарынан 19 адам мен 5 бірлік техника жұмылдырылды. Өрт салдарынан алдын ала болжам бойынша жеке шаруа қожалығына тиесілі жайылып жүрген 700-ге жуық қой өртеніп кеткен. Сондай-ақ күйіп қалған ұсақ малдар да бар. Олардың нақты саны анықталуда. Оқиға орнында арнайы құрылған комиссия жұмыс істеуде”, – делінген хабарламада.

Тағы да оқыңыз: