Kyzylorda-news.kz. Жаңақорған ауданының темір жол бойында орналасқан және өзеннің арғы бетіндегі 19 елді мекен ауыз суға толық қосылған. Биыл қалған тау беткейдегі 12 елді мекеннің тұрғындары ауыз сумен қамтамасыз етіледі.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингте Жаңақорған ауданының әкімі Руслан Рүстемов мәлімдеді.

«Бүгінде 35 елді мекеннің барлығы таза ауыз сумен қамтылған. Биыл Жаңақорған кентінің тұрғын үйлеріне су құбырын жеткізу сервистік желісін салу жұмыстары аяқталатын болады. Сондай-ақ, ауданда өткен жылы сегіз елді мекенді аяқ сумен қамту мақсатында каналдар мен қашыртқылар тазаланып, дизельді насос қондырғылары алынды. Ал биыл аяқ су арнасын тазалау жұмыстарына аудандық бюджеттен 68 млн. теңге бөлінді. Оған 29,6 шақырым канал тазалануда», – деді Жаңақорған ауданының әкімі Руслан Рүстемов.

Тағы да оқыңыз: