Kyzylorda-news.kz. Қызылордалық полицейлер алаяқтық жасады деген күдікпен 37 жастағы Жаңақорған ауданының тұрғынын ұстады.

Ол биылғы жылдың қаңтар айында «мектепке мұғалім қылып жұмысқа тұрғызып беремін» деген желеумен танысынан 700 мың теңге көлемінде ақша алған.

Алайда, уәде берген жұмысына тұрғызбаған жаңақорғандық алған ақшасын да қайтармаған.

Сөйтіп, жәбірленуші 29 сәуір күні Қызылорда облысы Полиция департаментінің Жаңақорған аудандық полиция бөліміне арызданды.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабының 1-бөлігімен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.

Тағы да оқыңыз: